Өз туындыларында ғылыми-фантастика, детектив және мистиканы біріктіре білген америкалық жазушының жеке өміріне қатысты азды-көпті мағлұмат білсек те, ол туралы қызық деректерді біле бермейміз. Эдгар Аллан По АҚШ әдебиетіндегі романтизм дәуірінің өкілі болған. Уақыт өте оның «құпия» сюжетке толы алғашқы әңгімелері заманауи детективтің қалыптасуына негіз болды. Сондай-ақ, ғылыми-фантастиканың дамуына да айтарлықтай үлес қоса алған.
* Эдгар «Конхиологтың бірінші кітабы» (1839 жылы шыққан) атты реферат күйінде жазылған еңбегін тек ақша табу мақсатында жазады.
* Эдгар По «Бейл криптограммасы» атты мистификацияның авторы. Оның кітабындағы криптограммалар әлі күнге дейін шешімін таппаған.
* Эдгар Аллан Поның құрметіне Меркурийдегі кратер аталған. Роджер Желязны есімді америкалық фантаст-жазушы Поның биографиясын толық қамтитын «Қара тақ» атты роман жазған.
* Балтимордағы Эдгар Поның мұражайында бір ғана қызметкер жұмыс істейді. Қаржының тапшылығынан мұражайдың жабылып қалу қаупі бар.
* 1988 жылы Милен Фармер есімді француз әншісі өзінің «Ainsi soit je ...» атты альбомында шыққан «Allan» әні Эдгар Поға арналған.
* The Alan Parsons Project тобының 1976 жылы жарық көрген «Tales of Mystery and Imagination» альбомы По шығармашылығы мен өміріне арналған.
* Америка футболында өнер көрсететін «Baltimore Ravens» (Балтимор қарғалары) командасы Элгар Поның «Карға» өлеңінің құрметіне қойылған.
* Битлз тобының «I Am The Warlus» әнінде Поның есімі аталады. Сондай-ақ, По туралы Green Day тобының «St.Jimmy» әнінде де айтылады.
* Габриэль Витткоптың «Үлгілі Өлім» кітабының бірінші бөлімінде Эдгар Поның соңғы күндері туралы жазылған.
* Америкалық жазушы Рэй Брэдберидің «Марстағы жазбалар» еңбегінің «Сәуір 2005. Эшер ІІ» деп аталатын тарауында да Поның алғашқы әңгімелері туралы айтылып өтілген.
* Тим Бертонның «Винсент» анимациялық туындысында Эдгар Аллан Поның «Қарға» өлеңі бірнеше рет айтылады. Тим Бертонның ақынға деген қызығушылығын осыдан байқауға болады.
* «Қарға» фильмі автордың туындысын еш өзгеріссіз толықтай көрсете алған.
* Гарольд Шехтер есімді фантаст-жазушы өз романдарын Поның жазу мәнеріне келтіруге тырысқан. Эдгар Аллан По есімді детектив Гарольдтің романдарында негізгі кейіпкер болып табылады.
* Сьюзан Хаббарттың «Өзге» атты еңбегінде Поның «Аннабель Ли» өлеңінен үзінді келтірілген.
* Жапон жазушысы Эдогава Рампо өзінің әдеби лақап атын Эдгар Поның атына ыңғайлап алған.
* Америкалық жазушы Луи Байярдың «The Pale Blue Eye» романындағы басты кейіпкерлердің бірі По есімді жасөспірім болады. Луи аталған туындысы үшін Эдгар Аллан По атындағы әдеби сыйлыққа ие болған.
Сурет: www.pierangelo-boog.com