"Е" әрпі мүлдем жоқ кітап

1969 жылы француз жазушысы Жорж Перектің «La disparition» романы жарық көреді...

Романның ең ерекше бір тұсы – француз тілінде ең көп қолданылатын"е" әрпінің бірде-бір рет ұшыраспауы. 

Аудармасы да қағидадан еш ауытқымай, "е" әрпінсіз ағылшын, неміс, итальян тілдеріне аударылады. Ал 2005 жылы роман Валерия Кислованың аудармасымен орыс тілінде жарық көрген. Атауы – "Жоғалу" ("Исчезание"). Бұл нұсқада "о" әрпі мүлдем кездеспейді екен. Орыс тілінде осы бір әріп ең көп қолданысқа ие болып шығыпты.

Қалай ойлайсыз, қазақта ең көп қолданысқа ие қай әріп?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:alekseyeliseev.ru