Дон Мигель Руис. "Төрт Келісім"

Дон Мигель Руис. "Төрт Келісім"

Дон Мигель Руистің "Төрт Келісімін" аударып берудің сәті келіп отыр. Сәті келіп қалған тұста, оқып қалыңыз.

* * *

Сөзіңіз кеудеге қонымды болуы тиіс

Ашық айтыңыз және әділін айтыңыз. Әңгіме қисыны келген тұста, тұспалдап көріңіз. Өзіңізге қарсы қолданылуы мүмкін сөзден қашыңыз немесе өзгелер туралы өсек айтудан аулақ болыңыз. Сөздерді шындыққа жетуде, махаббатта қолдана алыңыз. 

Өз есебіңізден танбаңыз

Өзгенің ісінің сізге қатысы жоқ. Адамдардың айтып жатқаны немесе істеп жатқанының барлығы – бұл өз шындықтарының, өз жеке түстерінің проекциясы. Егер сіз өзіңізге иммунитеті өзгенің көзқарасы мен іс-әрекетін сіңіретін болсаңыз, артық ауыз азаптануларға ұшырасасыз.

Болжам жасаушы болмаңыз

Қажетті сұрақты қояр тұста және айтқыңыз келіп тұрған айтулы сөзді жария қылар сәтте өзіңізден еркектік табыңыз. Өзгелермен қарым-қатынаста түсініспеушіліктен, не болмаса көңілдің бұзылуынан, және азаптанбау үшін максимальды айқындылыққа (ара қатынастың ашық болуы) қол жеткізіңіз. Бір ғана келісімнің өзі өміріңізді түпкілікті өзгертіп жіберуі мүмкін ғой... 

Барлығын керемет қылып жасауға тырысыңыз

Сіздің мүмкіндіктеріңіз әр уақытта бірдей емес: бір істі ауырып жатып орындасаңыз, ендігі бір істі сау кезіңізде жүзеге асырасыз. Кез келген жағдайда түбіне дейін тыраштанып көріңіз, өз кезегінде ар-ұятыңыз мазалап, өз адресіңізге сөз келтірмей, өкініштерді естімек емессіз. 

...Осы бір Төрт Келісімді қабылдау үшін үлкен ерік-тілек қажет-ақ. Бірақ егер осы айтылғандармен бірлесе отырып, іс-қимылдар жасайтын болсаңыз, онда өміріңіз жай ғана түрленіп сала бермек. Ақырында, құбыжық құбылыстың ымыраға келгенін көресіз. Инфернальды түсте өмір сүрудің орнына, жаңа түс көруді жасап шығармақсыз - жеке өзіңіздің ғажап түсіңізді...

Мексика жазушыcы, шаман және мұғалім
1997 жыл

Аударған: Фараби Арыстанбек

cурет:navidoo.ru

Л. Лига