11 қараша – Бүкіләлемдік шопинг күні. Барлық сатып алушылар, яғни тұтынушылар бұл мерекені атап өтеді. Үлкен есеппен алғанда бұны мереке деп есептеу қиын әрине. Десек те, бұл жай ғана үлкен жеңілдіктер мен халықтық тұтынудағы тауарлардың төмен бағада сатылатын күні. Бірқатар адамдар үшін бағаның төмендеуі – мерекені тойлауға сылтау.
Біз аталған күннің кітап сатылымына қаншалықты ықпал ете алатынын білмейміз, алайда сіздерге осы күнге арнап кітаптар шопингін жасауды ұсынамыз. Бірнеше кітаптарды сатып алып (немесе кітапханадан алуыңызға болады) өз мүмкіндігіңізше мерекені атап өтіңіз. Біз ұсынған шығармалар сіздерге ұнайды деген сенімдеміз.
Орхан Памук «Жиреншашты әйел» («Рыжеволосая женщина»)
Стамбұлдан алыс емес шағын қалада жоғары сынып оқушысы қол жетпейтін, жұмбақ, кезбе актрисаға ғашық болады. Алғашқы көрген ғашығына деген сезім ұшқыны жасөспірімнің жан жүрегін елжіретеді. Ол отыз жылдан соң өзінің өткенімен кездесу үшін осы ұшқынды өмір бойы жүрегіне сақтайды.
Пауло Коэльо «Мата Хари. Тыңшы әйел». («Мата Хари. Шпионка»)
Аңыз тыңшы мата Харидың бастан кешкен оқиғалары жайлы өркениеттен алыс жатқан сопылар естімеген еді. Әйгілі қаламгер азғырғышқа тән философиялық көзқарасқа назар аудартады. Еліктіретін, аса сезімтал биші әйелдің өмірлік белгілері туралы баян етеді.
Моника Мерфи «Бұзылған үш серт». («Три нарушенные клятвы»)
Жазушының шығармасы ақырғы жазылған қасіретті реализмнен ерекшеленеді. Өз жұмысында автор қарапайым қыздың жан қиналысын, жан дүниесіндегі азапты күйін жазады. Қаһарман туған ағасынан айырылған. Оның қолтығынан демеген жалғыз адам – өлген ағасының ең жақын досы Колин еді. Енді ол оның қанатының астында тұрады, жан азабымен күресуге көмектеседі және оны шексіз сүйеді.
Дженнифер Чиаверини «Кешіретін уақыт келді» («Время прощать»)
Роман ауырған әр оқырманның жүрек пернесін дөп басады. Сіз олармен бірге жылайсыз және әйелдер арасында достық барын түсінесіз. Элм-Криктің шеберханасына қолөнер шеберлері жиі жиналып тұрады. Жұмыс барысында олар өздерінің жеке мәселелері жөнінде ешқандай боямасыз, шынайы әңгімелеседі. Сильвия ұжымға ортақ кейіпкер. Жасы егде тартқан әйел өз құрбыларын бірнеше рет ағат қылықтардан қорғап қалды. Инсультты бастан өткерген оған енді көмек қажет еді.
Майгулль Аксельссон «Ешқашан болмаған Мен» («Я которой не было»)
Бұл қыздың ешқашан есімі болмаған. Дұрысы, бірден екі есімі болды. Әкесі оны Мари деп атаса, анасы Мэри деп шақыратын. Оның ақылгөй достары шығарма жазу жөнінен ұлттық сайыста бас жүлдені жеңіп алады да, қызға Мэри Мари деген ат тағады. Алайда, керемет мансапқа жетіп, өз өмірлерін құруға бет алған бұл жастардың бірі де Мэри Маридің екі аты емес, екі өмірі бар екендігін мүлде білмейтін. Бір өмірде министрлікте жұмыс істейтін ақсүйек ханым болса, екінші өмірінде күйеуін өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер. Мэри Мари өзін іздейді, махаббатын іздейді...