- Негізгі бет
- Көкжиек
- Бүгін – атақты...
Бүгін – атақты жазушы Пауло Коэльоның туған күні
Пауло Коэльо – бразилиялық жазушы әрі ақын. Осы уақытқа дейін 16 роман-кітап, түсіндірмелі антологияларды, қысқа әңгімелердің жиынтығын жарыққа шығарған.
Пауло Коэльо 1947 жылы 24 тамыз күні Рио-де-Жанейро қаласында дүниеге келген. Жеті жасынан бастап Қасиетті Лойол Йогнатия мектебіне барады. Сонда жүріп ол жазуға үйренеді. Бірақ жазушы болам деген ұлының арманын ата-анасы құп көрместен оны Рио-де-Жанейро университетіне заң факультетіне оқуға береді. Өзінің қалауынсыз түскен оқуын жалғастыра алмайтынын түсініп ол оқудан қашып кетеді де, журналистика саласында қызмет жасайды. Ата-анасымен алауыздық пайда болып, олар он жеті жасар ұлын психикалық емдеу орталығына жатқызады. Ешқандай емдеу құралдары оған мақсаты мен арманын ұмыттыруға бой берген жоқ. Емдеу орталағынан тағы да қашып кетіп, аздап бассауғалап жүреді де, үйіне қайта оралады. Театрға құмар жандарға еріп, ата-анасын тағы да байбаламға салып қояды. Шарасыз ата-ана ұлын қайта психикалық емдеу орталығына береді. Емдеудің үшінші кезеңінде ұлының бәрі бір «тәуір» жұмыспен айналыспайтынына көндігіп, театр мен журналистика саласын қайта босатады.
1970 жылы Коэльо Мексика, Перу, Боливия, Чили, Европа, Солтүстік Африка сынды мемлекеттерге сапар шекті. Екі жылдан кейін Бразилияға қайта оралып, әндерге мәтін жаза бастады. Содан кейін ол музыка саласында танымал бола бастап, көптеген атақты әншілердің аузынан түспейтін болды. Сол жылдары ол танымал ағылшын мистикасымен таныса бастайды. Сол арқылы Коэльоның шығармашылығында Алистер Кроули пайда болады. Ол тек музыкамен ғана шұғылданып әнге сөз жазумен ғана шектеліп қалған жоқ. Сонымен қатар, Минас-Жерайс штатындағы «Альтернативті қоғам» жөнінде ой қозғады. Сол идеясы үшін абақтыға қамалып та шықты.
Голландияға сапарында өмірін өзгертіп, оны христиан дініне табындырған кісіні («Джей» есімді адамды) кездестіреді. «Джей» ұстазы болған католиктік топқа мүше болады. 1986 жылы ол Қасиетті Сантьягоға келіп, «Маганың күнделігі» деген атпен кітап жазып шығады. 1988 жылы «Алхимик», «Джей» кітаптары жарыққа шыққан соң, оны жұбайы Кристинмен бірге Америка Құрама Штаттарындағы Мохав шөліне 40 күнге жібереді. Кейіннен осы оқиғалар жөнінде «Валькирии» деген атпен кітап шығарады.
Қазір Пауло Коэльо өз әйелі Кристинмен бірге Рио-де-Жанейро қаласында өмір сүріп келеді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: loadinfo.ru
А. Әбілхан