Бразилия өкіметі қамаудағы қылмыскерлердің санын азайту мақсатында темір тордың арғы бетіндегілерге өтеу мерзімдерін жыл сайын 48 күнге азайтуға рұқсат берді. Аталған заң "Diario Oficial da Uniao" деп аталатын мемлекеттік газетте жарық көрді.
Мұндай жеңілдікке ие болу үшін бразилияық қылмыскерлер классикалық әдибиеттен, тарихи немесе философиялық шығармалардан 12 кітап оқуға міндетті. Сондай-ақ олар оқылған кітаптар бойынша шығарма жазулары керек болады. Тематикалық шығармада қандай да бір шығармашылық ұрлық жасағандар аталған программадан бірден шеттетіледі. Қазіргі таңда бұл жоба бразилия абақтыларының төртеуінде іске асырылуда.
Дәл осылай "Кітаппен бостандыққа" деп аталатын программа арқылы адамдардың дүниетанымын кеңейтіп және әдебиетке деген қызығушылықтарын ұлғайта отырып оларды түрмеден мерзімінен бұрын босатуға болады. Қалай болғанда да бразилиялық қылмыскерлерді кітаппен қамтамасыз ететін қордың басқарушысы Сан-Паулолық адвокат Андре Кеди бұған сеніммен қарайтынын айтады.
Айта кетсек, бұдан бұрын да бразилиялық түрмелерде егер қылмыскер білім алса, мерзіміз қысқартатын. Бүгінде бразилия түрмелерінде жарты миллионға жуық адам өз мерзімін өтеуде және айта кетерлігі олардың 70 пайызға жуығының тіпті орта білімі жоқ. Мүмкін, бразилия өкіметінің осындай бастамасы елдің белгілі бір бөлігін өздігінен білім алуға ниеттендіретін де шығар.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: read2ch.com