"Бір, екі, үш!.."

"Бір, екі, үш!.."

Бейбіт заманның ұрпағымыз. Қан майдан, аяусыз соғыс көрмеген соң, оның қасіретін де сезінбейміз. Төмендегі шағын әңгімені қайдан алғаным есімде жоқ, естелігіме қалдырып қойыппын. Бізге бақытты өмір сыйлаған ардагерлеріміздің жүрегін түсінейік! Бай-қуатты күндеріміздің қадірін білейік, достар!

Екінші дүниежүзілік соғыс кезі. Берлиндегі адам иін тірескен бір бекеттен пойыз сигнал беріп, қою түтінді будақтата қозғалды.

Араның ұясындай дуылдаған вагон іші негізінен әйелдер мен балаларға толып, атпал азамат дегенді көзге түсіруге болмайтын еді. Бірақ вагон ішінде шашы бурыл тартқан бір ер адам отырды. Киінген киімінен запастағы әскер екені білініп тұр. Оның қасында әлжуаз, аурушаң әйел отыр. Қартаң әйел осы маңда өзінен басқа ешкім жоқтай терең ойға кетіп, анда-санда ернін жыбырлатып, өз-өзіне күбірлеп қояды. Оның «Бір, екі, үш!» деген сөзі ғана пойыз доңғалақтарының жағымсыз сарт-сұрт еткен дыбысын басып, отырғандардың құлағына толық жетіп тұрды.

Арада үзіліс жасап, әлгі сандарды қайталайды. Тоқтар емес. Әйелдің бұндай ерекше қылығын екі бойжеткен мазақтап күле бастады. Бір қария оларға алая қарағанда ғана вагон ішінде тыныштық орнады. «Бір, екі, үш!» Ақыл-есі қалыпсыз ол бар зейінімен сан санауда, әлгі бойжеткендер тағы күле бастады. Сонда ғана әлгі шашы бурыл тартқан сақа жауынгер денесін түзеп: «Балалар!- деп ренжіген кейіппен сөзін бастады,- Мына кейуана – менің әйелім. Біз жақында ғана үш ұлымыздан айырылдық! Олардың барлығы қан майданда қаза тапты. Қазір майданға аттану кезегі өзіме келді. Мен жүрердің алдында, мұны жындыханаға апарып тастауым керек қой!» - деді ол. Оның даусынан реніш те, жалыныш та байқалып тұрды.

Екі бойжеткен төмен қарап, үнсіз қалды. Вагон ішіне сілтідей тынштық орнады. Үрейлі тыныштық!..

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет:ria.ru

Қ. Қауымбек