Болашағын ойламайтын адам жоқ. Ешкім ертеңгі күні қалай болатынын білмейді. Өткеніңізге қарап болашағыңыз танылады. Ал, болашақ бүгіннен басталады. Ертеңіңіз жарқын болсын десеңіз, бүгініңізді бос жүріспен өткізбеңіз. Себебі, бүгінгі күн — ертеңнің көлеңкесі секілді. Келешегіңіз кемелді болғанын қаласаңыз, бүгін әрекет жасаңыз. Болашақ жайында ой толғаған жазушы философтардың дәйексөздерін оқып көріңіз, ұнаса түртіп алыңыз. Бастысы — ертеңге деген сенім жоғалмасын!
Әйел тұрмыс құрғанша болашағына алаңдайды, еркек үйленбейінше болашағын ойламайды.
Коко Шанель
Мен болашақты болжағым келмейді. Мен бүгінгіні ойлаймын. Құдай маған не болатынын білетін мүмкіндік берген жоқ.
Махатма Ганди
Өткенінен бас тартқан адамның болашағы болуы мүмкін емес.
Эльчин Сафарли, «Мен оралам…»
Оның артында ұлы болашақ жатты.
Джеймс Джойс, «Улисс»
Болашағы жоқ бүгінгі күн ештеңеге жарамайды.
Жозе Сарамаго «Соқырлық»
Егер біз ойлана алсақ қазіргі шынайы өмірімізді білеміз. Ендеше, болашағымызды да ойлап, оны өзіміз жасай аламыз.
Чак Паланик «Ойдан шығарылған қиял-ғажайып»
Күту — күнә. Әр сәтті бағалау керек. Ал күту — бұл болашақ пен бүгінге деген бірдей құрметсіздік
Нил Гейман, «Ешқайда»
Болашақтан басқасының бәрі туралы айтуға болады.
Лао-цзы
Бүгінгі күн болашақтың сұлбасы.
Уильям Гибсон
...болашақ — оны аламыз ба, жоқ па деп сұрайтын қалыңдық емес.
Милорад Павич «Белградтың өмірбаяны»