Егер сізден “Неге көркем әдебиет оқисың?” деп сұрайтын достарыңыз болса жауап беруге қиналмаңыз. Оларға ағылшынның фантаст жазушысы, Нил Гейманның дәрісін оқуға кеңес беріңіз.
"Бүгін мен сіздермен кітап оқу турасында әңгімелеспекпін. Көркем әдебиет оқу, оны жан рахаты үшін оқу адам өміріндегі аса маңызды нәрселердің бірі болып табылады. Әлбетте, мені біржақты қарайды деп ойлауларыңыз мүмкін. Себебі, мен жазушымын ғой. Мен балаларға да, кәрі адамдарға да арнап жазамын. Қаламмен дос болып, сөзбен қызмет етіп келе жатқаныма 30 жылдай болып қалды. Мен адамдардың кітап оқитынына шүбәсіз сендім. Кітапханада, мейлі басқа орындарда болсын, адамдардың көркем әдебиетке қызыққанын, ғашық болғанын қаладым. Мен сол себепті де жазушы ретінде кітапқа ынтызармын. Әрине оқырман ретіндегі ынтызарлығым одан да жоғары.
Мен баяғыда Нью-Йоркте жүрген кезде Америкадағы біртіндеп дамушы индустрия – жеке құрылыс абақтысы жайлы әңгіме естіп қалдым. Абақты индустриясы болашақта өсу жайлы жоспарлауға тиісті. Оларға қанша камера жетеді? Алдағы 15 жыл ішінде қанша тұтқынға орын тауып бере алады? Олар жай ғана алгоритммен бұл мәселені оңай шеше алады. Тұтқындарды тәрбиелеу мақсатында кітап оқытпақ болады. Ал, олардың қанша пайызын қамти аламыз деген сауал мазалары анық. Әрине олар жан қалауы үшін оқымасы анық.
Бұнымен оқыған қоғамда қылмыс жоқ деп кесіп айтуға әсте болмайды. Бірақ факторлардың өзара байланысын көру керекпіз. Кітаппен қоғамды түзеуге болады. Мен жәй ғана қарапайым байланыс жүріп отырады деп ойлаймын.
Сауатты адамдар көркем шығарма оқиды.
Көркем шығармада екі міндет бар:
1. Сізді кітап оқуға тәуелді қылады. Кейіпкерлердің мұң-қайғысы, қуаныш-шаттығы, күйініш-сүйініші сізді алуан сезімге жетелейді. Алға ұмтылуға, өзге адамдар туралы ойлауға, өмірге басқа көзқараспен қарауға көмектеседі. Кітап оқу сізді жағымды әсерге бөлеп, ой-жүйеңізді өзгерте алады.
Балаңызды сауатты етіп тәрбиелегіңіз келе ме? Ең оңай жолы - оның сұраған кітабын алып беріңіз. Кітап пен баланың арасында жағдай жасалғаны жөн. Балаңыз кітап оқып отырса құдды бір ұнамсыз нәрсемен айналысып отырғандай қарамаңыз. Баланың кітапқа құмарлығы – ой-санасының көп нәрсені қажет етуі. Ондай балалардың далада қалмасы анық.
2. Екінші нәрсе, көркем әдебиет адамдарды эмпатияға (күйзеліске) ұшыраудан сақтайды. Егер де сіз телебағдарлама, кино қарап отырсаңыз өзге адамдардың не істеп жатқанын бақылайсыз. Көркем проза – сізді әлемге бөтен көзбен қарауға үйретеді.
Әдебиет сізге ешқашан аяқ басып көрмеген өзге әлемді көрсете алады. Көп балалардың кітап оқуға мүмкіндігі бола бермейді. Жағдай әртүрлі. Менің жолым болды. Мен өскен кезде ауданда үлкен кітапхана болатын.
Кітапхана дегеніміз – еркіндік. Еркін түрде оқу, еркін қарым-қатынас жасау.
Мен барлық нәрсе ақпараттың табиғатынан деп ойлаймын. Жәй ақпарат бағалана алады, ал дұрыс ақпарат бағасыз. Көп адамның қиындығы ақпараттың дәл уақытында дұрыс жетпеуінен болады.
Кітапхана – адамдар ақпарат алу үшін келетін орын. Кітап – ақпараттар тасқыны. Кітапхана – болашақтың қақпасы. Өкінішке орай кейбір шенеуніктер кітапханаларды жабуды жөн деп санайды. Бірақ олар болашағының қақпасын жауып жатқанын сезбейді. Кітап – өлгендермен тілдесудің мүмкіндігі. Бұл – сенің қасыңда жоқ адамдардан бір нәрсе үйренудің таптырмас жолы.Егер сіз кітапхананы бағаламасаңыз, демек, ақпаратты, өнерді, даналықты бағаламағаныңыз".
Ағылшынның фантаст жазушысы, Нил Гейманның дәрісі:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/yNIUWv9_ZH0","width":"425","height":"350"});
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: Массагет.кз