Осыдан 148 жыл бұрын (1869-1948) Үндістан ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі, идеологы Мохандас Карамчанд Ганди (Махатма Ганди) дүниеге келді. Махатма Ганди – «ұлы жан» – Үндістанның тәуелсіздігі үшін күрескен және оны бейбіт жолмен азат еткен, тарихқа «үнді ұлтының әкесі» ретінде енген тұлға. Ұлы адамдардан ұлы сөздер ғана қалады. ендеше, Гандидің қанатты сөздерін оқи отырыңыздар.
***
Адамды кешіре біліңіздер. Кешірім ол тек мықтыларға лайықты,
тек әлсіздер мен ақымақтар кешірімнің не екенін білмейді.
***
Сіздің болашағыңыз бүгін істейтін еңбегіңізге байланысты.
***
Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.
***
Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол.
***
Адам – өз ойының жемісі. Не ойласаң, сол болады.
***
Өзіңді табудың ең оңай жолы – өзгелерге құлақ аспау.
***
Өмірдегі ең жақын адамдар – мерзімдік уақыты бітпейтін тауар сияқты, әрқашан сенің қасыңда. Сондықтан тауарды таңдағанда баға емес, сапаға көп мән берген дұрыс.
***
Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?