Бұрынғылардың даналық сөздері бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Оның "Диуаны Кебир", "Фиһи мәфиһ", "Межалиси Себа" және "Мектубат" еңбектерiндегi одалары мен рубаяттары, қарасөздерi, монологтары, шағын әңгiмелерi, нақыл сөздерi, дүниетанымдық толғаныс-тебiренiстерi – әлеуметтiк философиялық мәнi терең, iзгiлiкке, сұлулық пен ақиқатқа толы дүниелер. Біз бүгін сіздерге ХІІ ғасырда өмір сүрген танымал ақын, ойшыл Мәулана Жәлаладдин Румидің даналық жауһарларын ұсынамыз.
Білгеніңді жеткіз, бірақ ақыл айтуға талпынба.
***
Айтылған нәрселерге құлақ сал, бірақ бәрін дұрыс екен деме.
***
Ұмытпа! Үнсіздік надандықтың, көп сөзділік білімділіктің нышаны емес.
***
Бір кісіні төмен санау ақымақтық, өте жоғары санау да кейде қорқақтық.
***
Батылдық ақылдылықтан туса, батырлық. Ал ақымақтықтан туса, надандық.
***
Тіл – көңілдің пердесі. Перде қимылдаса, сырларға қол жеткізесің.