Жазушыларды біз шығармалары арқылы жақсы танығанымызбен, өмірде қандай адам болғандығын анық біле бермейміз. Сондықтан да олардың әрбір іс-әрекеті біз үшін қызық. Назарларыңызға әлем әдебиетіндегі белгілі тұлғалар жайлы қызықты деректер топтамасын ұсынамыз.
1. Лев Толстой отыз төрт жасында он сегіз жасар Софьяға үйленеді. Толстой әйелінен ештеңе жасырғысы келмейді. Сондықтан, күнделігіндегі бұрын кездескен әйелдері суреттелген жазбаларды түгел оқытқан екен.
2. Әйгілі Байрон аяғын сылтып басатын толық кісі болған. Алайда ол әйелдердің көңілін жақсы тапқан деседі. Бір жылдық Венеция сапарында 250 аруды өзіне ғашық еткен екен.
3. Чарльз Диккенс адамдарды жақсы гипноздай білген. Ол осыған өмірінің бірнеше жылын арнаған. Және ол Париждегі мәйітханаларды аралағанды ұнатқан.
4. Оскар Уайльд Диккенстің жазғандарының біреуіне де жақсы пікір айтпаған. Оның жақсы жазушы атанатынына күмәнмен қараған.
5. Диккенстің тағы бір ерекшелігі, ол жазу үстеліне отырар алдында міндетті түрде бөлмедегі орындықтарды реттейді екен. Бірақ, оның реті қандай болу керек екенін өзінен басқа ешкім білмеген.
6. Америкалық жазушы О.Генри өз шығармашылығын түрмеге түскеннен соң бастаған. Және оның сотталғанын ешкім білмеген.
7. Эрнест Хемингуэй бес рет соғысқа қатысып, төрт рет жол апатынан және екі әуе апатынан аман қалған. Анасы оны мектеп кезінде би үйірмесіне берген. Өзіне ұнамаса да, сол істі амалсыз жалғастырған. Эрнест өмірінің соңғы кезеңдерінде психологиялық дертке шалдыққан. Пейрафобия (көпшіліктің алдынды сөз сөйлеуден қорқу) ауруымен ауырған ол қолпаштаулар мен мақтау сөздердің ешқайсысына сенбеген, тіпті жақын адамдарының өздеріне туындыларын мақтауға тиым салған.
8. Оноре де Бальзак кофе ішкенді қатты ұнатқан. Ол күніне 50 кесе түрік кофесін ішкен екен.
9. Эдгар Аллан По қараңғыдан қатты қорыққан. Жазушы бала кезінде зираттардың қасында орналасқан қараңғы мектепке барған. Математика пәнінің мұғалімі балаларға сандарды бейіттерге жазылған цифрлар арқылы үйреткен. Мүмкін соның әсерінен Аллан По қорқынышты әңгімелер жазып, мистикалық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі атанған шығар?!
10. Марк Твенді білмейтін адам жоқ шығар?! Бірақ Марк Твен тек бүркеншек ат екенін естігеніңіз бар ма? Шынтуайтына келгенде Марк Твен – Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс есімді жігіт. Оның Джош, Томас Джефферсон Снодграсс, Сержант Фатом сынды лақап аттары да болған.
11. Уильям Шекспир 23 сәуір күні дүниеге келіп, 1564 жылы 52 жасында сол күні көз жұмған. «Дон Кихоттың» авторы, белгілі жазушы Мигель де Сервантес те 23 сәуірде 1616 жылы дүние салған.
12. Джек Лондон америкалықтардың ішінде миллионер атанған алғашқы жазушы.
Сурет: graphics8.nytimes.com
Ұқсас жазбалар:
Әйгілі жазушылар жайлы қызықты деректер
Ең көп қаламақы алатын 10 жазушы