Бай болу, жақсы өмір сүру кім-кімнің де ойында жүрген ізгі мақсаты. Кейбір ортада кім жаман бай жаман, кім озбыр бай озбыр деген де түсініктің барын жоққа шығара алмаймыз. Әйтсе де, байлықтың берері көп екенін ескермейміз. Мәселен, елдің қажеттілігін, дәлірек айтсақ мұқтаждығын саудагерлер өтеп береді. Сіз күнделікті зат, азық-түлік, киім-кешек, т.б. қажетті дүниелеріңізді дүкенге барып сатып аласыз. Демек, бұл сіздің қажеттілігіңіз өтеліп жатыр деген сөз. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой байлық туралы: Байлық деген тезек сияқты. Үйілген сайын сасиды, шашылса, жерді тыңайтады деген екен.Бай болу дегеніміз не? Осы сұраққа бұрынғылар не деді? *** Дүние-мал шашылмай, мырза деген атақ жоқ. Қорқыт ата *** Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі. Майлықожа Сұлтанқожаұлы *** Байлық түбі ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды. Әлихан Бөкейханов *** Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді. Абай Құнанбайұлы *** Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ. Ғабит Мүсірепов *** Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар. Әлихан Бөкейханов Бұл ұғымды сіз қалай түсінесіз?