"Байлық деген тезек сияқты..."

"Байлық деген тезек сияқты..."
Фото: walldevil.com

Бай болу, жақсы өмір сүру – кім-кімнің де ойында жүрген ізгі мақсаты. Кейбір ортада "кім жаман – бай жаман, кім озбыр – бай озбыр" деген де түсініктің барын жоққа шығара алмаймыз. Әйтсе де, байлықтың берері көп екенін ескермейміз. Мәселен, елдің қажеттілігін, дәлірек айтсақ мұқтаждығын саудагерлер өтеп береді. Сіз күнделікті зат, азық-түлік, киім-кешек, т.б. қажетті дүниелеріңізді дүкенге барып сатып аласыз. Демек, бұл сіздің қажеттілігіңіз өтеліп жатыр деген сөз. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой байлық туралы: "Байлық деген тезек сияқты. Үйілген сайын сасиды, шашылса, жерді тыңайтады" деген екен. Бай болу дегеніміз не? Осы сұраққа бұрынғылар не деді?

***

Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.   

Қорқыт ата

***

Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

***

Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.

Әлихан Бөкейханов

***

Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.

Абай Құнанбайұлы

***

Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ.

                                                                                                           Ғабит Мүсірепов

***

Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.

                                                                                                         Әлихан Бөкейханов

Бұл ұғымды сіз қалай түсінесіз?

Ж. Жұмағұлов