- Негізгі бет
- Көкжиек
- Барлаушы болған британиялық...
Барлаушы болған британиялық жазушылар
Жазушылық жай жұмыс емес. Оның сіз білмейтін қыр-сыры көп. Барлаушы болған британиялық жазушылар жайлы не білесіз? Ендеше, біле отырыңыздар!
Кристофер Марло
Драматургия саласында көптеген проза жазған Кристофер Марло, Кембридж университетінде оқып жүріп, корольдік биліктің тапсырмалары бойынша барлаушылық жұмыстарымен айналысқан. Оның жұмысы, І Елизаветаның протестандық тәртібін бұзбақшы болған Франциядағы ағылшын католиктерінің жоспарлары жайында ақпарат жинау болған. Алайда жазушы спирттік ішімдіктер ішіп, үлкен даулардың арасында жиі жүргендіктен, жоғарғы үкіметтің алдында сенімін жоғалтып, абыройынан айырыла бастады. Ең көп таралған нұсқаға сүйенсек, Кристофер барлаушылық қызметте жұмыс жасағаны үшін өлтірілді делінеді. Марло өлімінің себебі жайындағы зерттеулер немқұрайлы жүрді. Оның қай күні, қалай өлгені ұзақ уақытқа дейін белгісіз болды.
Даниэль Дефо
«Робинзон Крузоның» авторы ағылшын барлау әскерінде қызмет еткен. Көп таралған нұсқалардың біріне сәйкес ол Британия барлау әскерінің басшысы қызметінде болып, тек үкіметке ғана емес, тіпті корольге де үстемдік жүргізген дейді. Ал басқа бір деректерде, Дефо биліктің құпия тапсырмаларын орындағаны үшін түрмеден босатылды делінеді. Көбіне ол 1707 жылы қол қойылған Ұлыбритания мемлекетін құру жайындағы атақты актті жазу барысында Шотландияда барлаушылық қызметін атқарған.
Алан Милн
Алан Милн Винни Пух жайлы ертегілер жазған әрі барлаушы болып қызмет еткен. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде оны Корольдік әскерге шақырды. 1916 жылдың шілдесінде жазушы, Сомм шайқасында жарақат алып Англияға емделуге жіберілген болатын. Артынан өз еліне қайтқан соң оған М17 британиялық барлаушылар насихаттау бөлімшесінен ынтымақтастық жайында ұсыныс түседі. Милн келісіммен жауап беріп, соғыс аяқталғанға дейін топқа жұмыс жасап шықты.
Грэм Грин
Өмірін әлемді аралап, саяхаттаумен өткізген. 1940 жылдың басында өзінің кезекті бір саяхатына М16-ға жалданып барған. Құпия тапсырманы орындау үшін оны Сьерра-Леонеге жіберген. Онда ол екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін болып, британ барлаушыларына пайдалы ақпараттар тауып, жіберіп отырған. Бір қызығы, сол жылдары оның бастығы (әрі жақын досы) аты шулы танымал барлаушы Ким Филби болған.
Стелла Риммингтон
Стелла М15-ті басқарған тұңғыш әйел ретінде Ұлыбритания тарихында қалды. (Бұл қызметте ол 1992-1996 жылдар арасында жұмыс істеген). Қызметтен босатылғаннан кейін ол қалған өмірін әдебиетке арнады. 2001 жылы оның мемуарлар жайындағы кітабы жарық көрді, ал араға бірнеше жыл салып, тыңшылық романдары шыға бастады. Бүгінгі таңда атақты британиялық жазушылардың бірі саналатын Стелла Риммингтонның кітаптары тек өз елінде ғана емес, өзге елдерге де таралып жатыр.
Ян Флеминг
Ағылшын барлаушысы болып жұмыс істеген жазушылардың ішіндегі ең атақтысы, әйгілі «агент 007» Джеймс Бонд жайында жазылған тыңшылық романдардың авторы – Ян Флеминг. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде билік Флемингті Корольдік әскери-теңіз флотының барлаушылығына шақырады. Болашақ офицер ретінде 1939-1945 жылдар аралығында Нацистік Германияға қарсы бірнеше маңызды стратегиялық операцияларға қатысқан. Әйгілі «No. 30 Commando» диверсиялық барлау жасағын құрды. Қызмет еткен жылдар барысында, барлаушының барлық айла-тәсілін, әдісін, білімі мен сауатын меңгерген жазушы кейін оны өзінің жазған романдарында аса шеберлікпен қолданған.
Орыс тілінен аударған:
ҚазҰУ 2-курс студенті
Руслан Мералиев