Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақ тіліндегі ең үздік әдеби шығармаларға арналған «Балауса» бәйгесінің аралық қорытындысын шығарды.
Мемлекеттік тілдегі қазіргі заманғы балалар әдебиетін дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған бұл бәйге 2012 жылдың 2 сәуірі күні, яғни Халықаралық балалар кітабы күні жарияланған болатын.
Бүгінгі күні бәйгенің әділқазылар алқасына 50-ден астам шығарма келіп түсті. Олардың арасында кәсіпқой авторлардың да, және әуесқой авторлардың да еңбектері бар.
«Бәйгенің негізгі мақсаты - балаларға арналған шығармалардың авторларын қолдау, балаларды ұлтжандылыққа, білімқұмарлыққа тәрбиелеп, оқып-білуге деген және де Қазақстанның мәдени мұрасына деген сүйіспеншілікке баулу. Біздің жас жазушыларымыздың мұндай істен тыс қалмағаны мені қуантып отыр. Келіп түскен еңбектердің жартысынан көбі жас авторлардың шығармалары. Үздік шығармаларды еліміздің келешегі оқырмандардың жас буыны оқитын болады, өйткені осы бәйгені біз тап солар үшін ұйымдастырып отырмыз»,- деп атап өтті «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай.
Бәйгенің әділқазылар алқасы бәйгеге қатыстырылатын шығармалар 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданатындығын ескертеді. «Балауса» бәйгесінің ережелері мен шарттары қазақ тілінде жарық көретін БАҚ-да жарияланады. Бәйгенің қорытындысы 2013 жылдың 2 сәуірі күні шығады. Байқаудың жеңімпаздарын Жазушылар одағы мен Қазақмыс Тобының өкілдерінен тұратын арнайы әділқазылар анықтайды.Үздік шығармалардың авторлары ақшалай жүлдеге ие болады, ал олардың еңбектері «Қазақ Әдебиеті» газетінің арнаулы қосымшасында жария етіледі.
Жолдаған: Болатбек Мұхтаров
Сурет: muhammad-mustafa.ru