"Бабалар аманатынан" бес үзінді

"Бабалар аманатынан" бес үзінді

Зейнеп Ахметованың "Бабалар аманаты" кітабын барлық қазақ оқуы тиіс жаднама деуге болады. Осы қазына кітаптан назарларыңызға бес үзінді ұсынамыз.

√ "Адамдар жыланды жек көріп жиырылады, уы бар, шағады деп көрген жерде өлтіруге ұмтылады. Қуып жүріп өлтіреді. Шындап келгенде, адам жыланнан сан есе улы, сан есе қауіпті"

√ "Білемін, әдептісің. Бірақ әдептілік пен жасқаншақтықтың арасалмағы бөлек екенін түсінгін, - деді"

√ "Алысып-берісу - сыйластыққа бет тұздық қана. Ешкім алғаннан - бай, бергеннен - кедей болмайды. Әркімнің өз пешенесіне құдай жазбаса, біреуден бір асаған қайсыбір несібе дейсің?! Алыс-беріс деген - көңіл сыйластығына дәм кіргізетін дәнекер" 

√ "Шыққан қыз шиден тысқары", сенің түпкілікті тұрағың, түтінін түтетіп, тілеуін тілейтін үйің - анау күйеуіңнің үйі. Бір еркектің ыстық-суығына төза алмасаң, кедір-бұдыр мінезін кешіруге кеңдігің жетпесе, жоғын бар етіп, ашылғанын жаба алмасаң әйелдің ақ жаулығынан садаға кет! 

... Әйелі сыйламаған еркектің жолы болғанын көргенім жоқ. Талай марқасқа сарбаз жігіттердің табанын тайдырып, басындағы бағын шайқалтатын сол күйеуін қадірлей алмайтын бейбақтар емес пе?!" 

√ Менің еркектерге жаным ашиды, әйелдерге билігін берді, жұмысын берді, бөркін берді, арағы мен темекісінен де айырылды, қалғаны шалбар еді, оны да шешіп берді. Енді несі қалды әйелдер алмаған?

Сурет: http://kazaktoykoilek.blogspot.com/

Р. Роза