Адамның ойына келмейтін дүние жоқ. Сіз әлемнің әйгілі қаламгерлерінің шығармашылығын оқуға уақыт таппай жүрсіз бе? Жоқ әлде олардың шығармаларын оқып, түсіне алмай жүрсіз бе? Ендеше, мынау сізге арналады. Әйгілі жазушылардың шығармашылығын екі-үш тармақта оқып көріңіздер. Қысқа тармақта оқып, ой қорытуларыңызға болады.
Достоевский:
Пенде жасады.
Зардап шекті.
Ақылынан айырылды.
Чехов:
Пенде жалқаулықтан азаптанды.
Себепсіз мұңайды
Және шай ішті.
Хемингуэй:
Пенде кіріп келіп:
«Жаңбыр жауып тұр», - деді.
Оған «иә» деген жауап айтылды.
Конан Дойл:
Пенде темекі тартты.
Мысқылмен қарады да,
Құпияны ашты.
Хантер Томпсон:
Пенде тіл қатты.
Таң қалды.
Пайдаға ие болды.
Стругацкилер:
Пенде ұшып келді.
Көмектесті.
Бірақ,
Ешкім разы болмады
Уэллс:
Пенде Айға ұшты.
Өткенге орнықты.
Өзге ғаламшарлықтармен соғысты.
*Әлемдік әдебиетте тұңғыш рет.
Маркес:
Хосе - Хуанды дүниеге әкелген пенде.
Ал Хуан мен Хосені туған – Хуан деген адам.
Сол Хуан мен Хосе, Хосе Хуанды туған жоқ, бірақ Хосені туған Хуан, міне осылар Хосе Хуанды босанған ауылға көшіп кетті. Ал Хуан осы ауылда Хосе, Хосе Аркадио, Аурелиано Аркадио, Хосе Аурелиано және Пруденсиоларды дүниеге әкелді. Сосын сюжетті ары қарай қиындатпас үшін Пруденсио туралы ештеңе айтылмайды.
Джордж Мартин:
Пенде көз жұмды.
Тағы бір пенде өлім құшты.
Және анау кейіпкер, иә, иә, саған бәрінен де қатты ұнаған бас кейіпкер, ол да қаза тапты.
Кафка:
Пенде – пенде.
Пенде – адам емес.
Мэри Шелли:
АДАМ?!
Бегбедер:
Пенде пайдаланды.
Пенде қолданды.
Воннегут:
Пенде жөнсіз өліп қалды.
...бірақ қазір тірі, бірнеше жылдан кейін ғана өлді.
Оруэлл:
Пенде өмір сүрген болатын.
Сосын күдіктенді.
Жоқ, пенде болған емес.
Зощенко:
Азамат тіркелді.
Тұрғын алаңына ие болды.
Азамат анық біреуді өлтірген.
Әйтпесе не, бақандай 10 метрге ие болды!
Даниэль Дефо:
Пенде.
Басқа пенде.
Құдайға шүкір! Басқа адам екен ғой!
Паланик:
Пенде.
Басқа пенде.
А, жоқ, соның өзі екен.
Аударған: Аяулым Жанайдарқызы