Назарларыңызға әлем әдебиетінде өзіндік орны бар, әйгілі жазушылар жайлы қызықты деректер топтамасын ұсынамыз:
1. Уильям Шекспир 23 сәуірде туылып, сол күні көз жұмған. Оның Гамлет есімді ұлы болған.
– Маурицио Отелло деген кісі расымен де Шекспир дәуірінде Италияда өмір сүрген. Бірақ ол ақ нәсілді, италиялық теңіз капитаны болған екен.
– Шекспир шығармалары ескі ағылшын тілінде жазылған.
2. Даниэль Дефо «Робинзон Крузо» көлемді шығармасы негізінде 300-ден астам туындыны дүниеге әкелген.
3. Иоганн Вольфанг Гете қарапайым түтінді ұнатпаған, тіпті ол асханасын түтіндетіп жібергені үшін аспазшысын жұмыстан қуып жіберген. Реніштен ызаға булыққан аспазшы өшін алу үшін темекі тартып кеткен.
4. Оноре де Бальзак күн сайын 7-8 кесе кофе ішкен. Яғни, ол өмір бойына 50 мыңға жуық кофе шынаяғын тауысқан.
– Өз романдарында қайсыбір қаһарманы өлгенде, Бальзактің өзі де инфаркт алған екен.
5. Александр Дюма өз кейіпкерлерін тірі деп қабылдап, олар жайлы қайғырып, сыр бөлісіп сұхбаттасқан, күлген деседі.
– Дюманың асқа тәбеті өте тамаша болған. Алайда жазушы өмірінде спирттік ішімдіктер мен темекіні аузына алмаған екен.
6. Николай Гоголь аспаз өнерінің асқан шебері болған. Ол макароннан әр алуан дәмді тағамдар әзірлеп, достарын қонақ етіп отырған. Аспаздық өнерді ол Римде тұрған кезінде италиялық аспазшылардан үйренген.
7. Иван Тургенев шаруа отбасында дүниеге келген әрі әкесі құмар ойындарына әуес болған екен.
– Тургеневтің өлімінен кейін эксперт мамандары оның миының салмағын тексеріп көрген, нәтижесінде жазушы миы 2.5 кг ауырлықты көрсеткен. Қалыпты адамдардың орташа ми салмағы 1.5 кг құрайтынын есепке алсақ, орыс жазушысының қалыптан тыс қуат пен аса зор білмге ие жан екенін көреміз.
8. Лев Толстой Ясная Полянаны жанына жақын тартқан. Талант табиғатына тарта туады. Толстой ерте тұрып, үнемі шайтанарбамен сол маңда серуендеуді жақсы көрген.
9. Марк Твен (Сэмюел Клеменс) керуертте жатып жазған. Ол теңізші болғаны үшін «mark twain» – екі теңіз сажені, яғни тереңдік өлшем бірлігі атауын өзіне аударған.
– Әр жылдың 30 қарашасында жазушының туған күні Миссури штатында тойланады. Әрі сол күні Том Сойердің үйіндегі қабырғаларды ақтап-сырлау байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Марк Твен кітаптары тарту етіледі.
10. Джек Лондон шығарма жазуды жек көретінін ашық білдірген.
– Америкалық жазушы 17 жасында-ақ теңіз қарақшыларына қосылып, Беринг бұғазы, Альяска, Тынық мұхиты мен Жапония жағалуларына барып келген. Сол жылы Сан Франциско газетінде ұйымдастырылған таңдамалы очерктер бәйгесінің жеңімпазы атанған.
11. Бернард Шоу Оскар мен Нобель сыйлықтарын бірдей алған жалғыз адам.
12. А.П.Чехов, М.Булгаков, А.К.Дойл, Н.Коперник, З.Фрейд, Ф.Рабле, Т.Браун, А.Шницлер, Джон Кит, Джон Армстронг тізбекті әлемдік тұлғалардың түгелге дерлігі медицина саласында қажырлы еңбек етіп, тың жаңалықтар тудырған. А.П.Чехов, М.Булгаков, А.К.Дойл сынды шипагер-жазушылардың көп болуын медицина мен әдебиетте гуманизмдік мұрат-міндеттерінің тұтасуынан деп түсіндіреміз.
Ұқсас жазбалар:
Ең көп қаламақы алатын 10 жазушы
Әйгілі қаламгерлердің ең жақсы көрген тағамдары
Ақын-жазушылардың оғаш қылықтары
Өзбек тілінен аударған: Асан Әлі
Сурет: Massaget.kz