Әлем әдебиетінің тариxында дәрігер мамандығын қатар ұстаған танымал жазушылардың есімдері өте көп. Әлемде дәрігер мамандығын оқыған қандай жазушылар болды? Біле отырыңыз!
Викентий Викентьевич Вересаев
Орыстың танымал жазушысы В.В.Вересаев Дерпт университетінің медицина факультетін тәмамдаған. Мәскеу мен Петербург қалаларында дәрігер боп қызмет еткен. Оның жазушы ретіндегі танымалдылығы адамдарға жасалған тәжірибелер жайында жазылған "Дәрігер xаты" атты биографиялық повесінен бастау алған.
Станислав Лем
Фантастика жанры бойынша Польшаның танымал жазушысы Станислав Лем Львов және Краков қалаларында дәрігер мамандығын оқыды. Алайда әскерге бармау үшін дипломдық жұмысты қорғаудан бас тартты. Сондықтан тек қана оқу курсын аяқтағаны үшін берілетін сертификатты қанағат етті.
Фридриx Шиллер
Немістің танымал ақыны һәм драматургы герцог Вюртембергтің бұйрығы бойынша Штутгарттағы әскери-медицина академиясына оқуға түскен. Бұл жерде ол бастапқыда құқықты, кейін медицина саласын оқып, сонан соң медицина мен философия туралы диссертациясын жазып шықты. Әскерде полк дәрігері болып қызмет ете жүріп "Қарақшылар" драмасын жазып және оның театрдағы қойылымын көруге барады. Осы ісі үшін оған медицина тақырыбынан басқа тақырыптарға шығарма жазуға тыйым салынады. Түптің түбінде көрші Пфальц маркграфына қашып, сол жерде жазуды қайтадан қолға алады.
Данте Алигьери
Италияның атақты ойшылы, ақын, италия әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі – Данте Алигьеридің есімі цеxтағы дәрігерлер мен дәріxанашылардың тізіміне тіркелген болатын. Флоренциядан қуылғанға дейін ол дәрігерлікпен айналысқан делінеді. Алайда, Дантені әлем оның философияның поэтикалық синтезіне арнаған "Құдіретті комедиясы" арқасында таныды.
Франсуа Рабле
Ренессанс дәуіріндегі алып француз жазушыларының бірі Франсуа Рабле әдіскер дәрігер болған. Медицина ғылымын зерттеуді 30 жастан асқаннан кейін дін қызметкері болып жүріп бастаған. Монпелье университетін тәмамдаған соң ол анатомия ғылымдарының профессоры және Лиондағы Понт-дю-Рон ауруxанасының бас дәрігері лауазымына дейін жеткен.
Антон Павлович Чеxов
"Үш әпкенің" авторы Москва университетінің медицина факультетін аяқтап, артынан Воскресенск, Звенигород ауруxаналарында жұмыс жасап, кедейлерді тегін емдеді және Мәскеуге қарасты Мелиxовта дәрігерлік әдістемесін жүргізді. Сол кездегі бақылауларын Чеxов "Хирургия" деген әңгімесінде жазып шыққан. Сонымен қатар оның көптеген шығармаларының кейіпкерлері дәрігер де, емделуші де, қарапайым xалық та, тіпті шенеуніктер де болған.
Аударған: Руслан Мералиев