- Негізгі бет
- Көкжиек
- Астанада өткен халықаралық...
Астанада өткен халықаралық "Кітап өнері" байқауының нәтижесі
24-25 мамыр күндері ел ордасы Астана қаласында тоғызыншы халықаралық "Кітап өнері" конкурсы болып өтті. ТМД елдерінің қатысуымен өткен байқауда украиндық баспалар бірден бес номинация бойынша үздік атанды, - деп хабарлайды "Укр.Лит".
Халықаралық қазылар алқасы кітаптарды мынадай номинациялар бойынша қарастырған болатын: "Достық", "Менің елім", "Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар", "Мәдениет. Ғылым. Өнер", "Арт-кітап", "Достықта басып шығарылған", Гран-при".
Байқауға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина елдерінен келген 121 басылым қатысты.
"Арт-кітап" номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған "Грани-Т" баспасының кітабы "Корабль дураков" (Себастин Брант).
"Достық" номинациясы бойынша екінші дәрежелі доипломмен марапатталған "Балтия-Друк" баспасының кітабы "Национальный заповедник " (София Киевская).
"Менің елім" номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен марапатталған "Искусство" баспасының кітабы "Жизнь и творчество" (Василий Лопата).
"Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар" номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен марапатталған "Грани-Т" баспасының тағы бір туындысы "Солька и повар Тара-пата" (Оксана Лущевская мен Лана Светанкова)
"Гран-при" номинациясы бойынша арнайы дипломмен Олеся Пошивайлонның "Опишнянская расписная миска второй половины XIX - начала ХХ века" атты кітабы марапатталды. Бұл кітап "Украинское народоведение" баспасынан шығарылған.
Байқау лауреаттарын марапаттау салтанаты 7 қыркүйекте болатын ХХV Мәскеу халықаралық кітап көрмесі мен жәрмеңкесі шеңберінде өтеді.
Сурет: mediabooks.ru
Л. Лига