- Негізгі бет
- Көкжиек
- Әріпсіз кітап ...
Әріпсіз кітап
Аустралиялық суретші әрі жазушы Шон Танның «Келу» (The Arrival) атты кітабынан сөз іздеп әуре болмаңыз. Роман сурет түрінде берілген һәм жазылған.
Алғашында роман сөзбен өріліп, суретпен кестеленген көрінеді. Алайда автор төрт жылғы еңбегін жүйелеу кезінде сөздерге көп қысқарту жасаған. Ақыр аяғында сөздің еш қажеті жоқ деп табады. Негізгі идеясын суреттеменің (иллюстрация) көмегімен іске асырмақ болады.
Бұл графикалық роман – кез келген келімсек қыздың өмір тарихы. Бұл кітаптан қашқын әйелдің туған жерін қиып тастап кетудегі мәжбүрлігі мен болашағы үшін күресіне қаныға аласыз. Романда басты кейіпкер жәй ғана өзге елге сапар шекпейді, басқа әлемге аяқ басады. Тек кейіпкердің шынайы достығы ғана өз итінен айнымайтын жергілікті итпен байланыстырады.
Шон Танды «Үздік визуалды баяндау шебері» деп атайды. Ол Астрид Линдгрен, Оскар атындағы сыйлықтардың иегері. 20-дан астам кітаптардың суреттемесін жасаған.
Шон Танның кітабына саяхат жасап қайталық:
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: adme.ru
Ш. Талап