Әрбір ер азамат оқуы тиіс кітаптар

Мassaget.kz порталы оқырмандарына осыған дейін кітап, кітаптың пайдасы, оқылу керек кітаптар туралы талай жазды. Бүгін дәл сол дәстүр ізімен жаңа тізім ұсынбақпыз. Әрбір ер азамат оқуға тиіс бұл кітаптарды әлем мойындаған. Тізім де көпшілік пікірінен, психолог мамандар сараптамасынан кейін жасалып отыр.

1. Федор Достоевский. "Ағайынды Карамазовтар" ("Братья Карамазовы")

Атақты Достоевскийдің соңғы жұмысы. Соңғы әрі маңызды. Бірқатар ойшылдар кітапты мазмұны бойынша, Зигмунд Фрейд және Франц Кафканың туындыларымен қатар қояды.

Үзінділер:

"Жалықпастан істе. Көзіңе ұйқы тығылып бара жатқанда жасау керек нәрсені жасамағаның есіңе түссе, сол сәтте орныңнан тұр да, орындап кел".

"Кейде адамның "жыртқыштық" қатігездігі туралы айтылып жатады, бірақ бұл жыртқыштар үшін обал: хайуандар дәл адам секілді (әртістік, көркемдік қабілеттерімен) қатігез бола алмайды.

"Адамзатты артығымен сүйген сайын, жеке адамдарды жақсы көруім азая түседі".

2. Джером Д. Сэлинджер. "Қара бидай арасындағы құрдым" ("Над пропастью во ржи").

Бұл кітап өзіңе сырт көзбен қарауды үйренуге арналған. Егер жасыңыз 16-17-ден асқан болып, бірақ осы кітаптың басты кейіпкеріне әлі күнге дейін ұқсайтын болсаңыз, өзгеріс енгізу керек деген сөз.

Үзінділер:

"Меніңше, қыз саған ұнамай тұрса, онымен әуре болудың қажеті жоқ, ал ол саған ұнап тұрса, бұзақылық жасап, бетіне түкірмейсің".

"Адамдар әрқашан сені жақсы білемін деп ойлайды... Кейде мен өзімді жасымнан үлкен адамдарша ұстаймын, бірақ адамдар оны байқамайды. Жалпы, олар еш нәрсені де байқамайды".

3. Эрнест Хемингуэй. "Қоңырау кімге арнап соғылады" ("По ком звонит колокол").

Адам өліммен бетпе-бет кездескенде қандай күйге түседі? Өмір неге лайықты? Біз не үшін өлуге дайынбыз? Және кімді шынайы, нағыз махаббатпен жақсы көреміз? Кітапта соғыстың адамды өзгертетіндігі туралы жазылған.

"Әркім қолынан келетінін істесін және ол дұрыс жасалуы керек".

"Бізде бұрын дін болды және басқа да ақымақтықтар бар еді. Ал қазір жан сарайыңды түсінетін, сырласатын адам керек, себебі, қаһармандық бір бөлек, ал жалғыздық жанға батады".

4. Оскар Уайльд. "Дориан Грейдің портреті" ("Портрет Дориана Грея").

Уайльдтың үздік шығармасы. Туындының өне бойы даналыққа, тапқырлыққа тұнып тұр.

"Әрбір адам сезімге ерік беріп, ойына қанат бітіріп, әрбір арманына қол жеткізіп, толық өмір сүретін болса не болар еді?"

"Ол жастық шақ ешбір себепсіз де қуанышқа толы болғандықтан жымиды – оның басты ғажайыбы осында.

5. Джон Стейнбек. "Ашу шоқтары" ("Гроздья гнева").

Кітап отбасы ізгілігі үшін жасалуы керек нәрсенің бәрін де тыс қалдырмайтын еркек туралы. Сондай-ақ, қайсарлықтың маңыздылығына да екпін қойылған.

"Қалтаңда қанша бар, бостандығыңның да мөлшері соншалықты..."

"Ылғи осылай болатын шығар. Егер адам, көңілді, өміріне риза болып ғұмыр кешсе, басқаларға түкіргені бар. Ал қиыншылықпен күн кешіп, жалғыздықтың кебін кигендер ілініп жүріп кәрілікке жетеді, ырымның бәріне назар аударады және өлімнен қорқады".

6. Франц Кафка. "Метаморфоздар" ("Метаморфозы").

Гротесктік драманы түсіну оңай емес. Бірақ, түсінген адамның көп нәрсеге көзі ашылары анық.

Үзінділер:

"Тура жол арқан жол секілді, жер үстіне қойылған. Тура жол сонымен жүру үшін емес, сүрінуге арналған секілді".

"Адамдармен қарым-қатынас өз-өзіңді сараптауға, тексеруге азғырады".

7. Дон Делилло. "Ақ шуыл" ("Белый шум").

Әлеуметтік сатирада автор түрлі фобиялар және өлім туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оқиға американдық қалалардың бірінде өткен екен.

"Көпшілік адамдар үшін әлемде екі ғана жер бар: бірі – өздері өмір сүретін жер, екіншісі – олардың теледидары".

8. Джеймс Джойс. "Улисс".

Бірегей роман-аллюзия бірнеше қыры бар, өте қиын геометриялық пішінге ұқсайды. Сіз әрбір қырды толық білуге талпынасыз.

"Өмірде өзің шын сенетін нәрсе ғана бар".

"Данышпан қателік жасамайды. Оның адасуы – жаңа ашылымға есік".

9. Герман Гессе. "Дала бөрісі" ("Степной волк").

Мистикалық сарындағы кітап ішкі ойлармен күрес туралы. Басты мақсат – өзіңді табу.

Үзінділер:

"Хайуандар адамдарға қарағанда әлдеқайда шынайы. Олар саған жәдігөйленбейді, саған жақсы көрінуге тырыспайды. Сырт көз үшін еш нәрсе жасамайды. Жасандылықсыз өмір сүреді, керек десеңіз, тас та, гүл де, жұлдыз да сондай...

"Толық өмірді өзіндік "МЕН-нің" құны арқылы ғана сүруге болады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: eva.ru