Массагеттің аяулы оқырмандарына орыс халқының әйгілі ақын қызы Анна Ахматова туралы әңгімелеп бергіміз келіп отыр.
Анна Андреевна Ахматова (шын тегі – Горенко) 1889 жылдың 23 маусымында отставкадағы флоттық инженер механиктің отбасында дүниеге келді. 1910 жылы акмеизмнің көрнекті өкілі Николай Гумелевқа тұрмысқа шықты.
Ахматованың стилі нақтылылығы, ықшамдылығы әрі әдемі теңеулерімен аса танымал. Орыстың танымал әбедиеттанушысы В. Жирмунский уақытында оның шығармашылығын К. Дебюссидің музыкалық шығармашылығымен байланыстырып, екі өнер адамының туындыларының ұқсастығы туралы айтқан. Анна Ахматованың шығармашылығы негізінен махаббат тақырыбына арналды.
Оқырмандарға әйгілі ақынның туындысының әсерін дәл беру үшін орыс тіліндегі мына өлеңін ұсынамыз.
Широк и желт вечерний свет,
Нежна апрельская прохлада.
Ты опоздал на много лет,
Но все-таки тебе я рада.
Сюда ко мне поближе сядь,
Гляди веселыми глазами:
Вот эта синяя тетрадь -
С моими детскими стихами.
Прости, что я жила скорбя
И солнцу радовалась мало.
Прости, прости, что за тебя
Я слишком многих принимала.
Аннаның алғашқы жыр жинағы 1912 жылы жарық көрді. 1914 жылы «Четки» деген атпен екінші кітабы жарық көрді. Осы қарқынмен 1917 жылы оның үшінші жинағы «Белая стая» (Аппақ үйір) халыққа тарады. 1921 жылы «Подорожник» (Жолжелкен), 1922 жылы «MCMXXI» жинақтары басылды. Соңғы айтылған жинақ өмірлік жары Николай Гумелев халық жауы ретінде атылып кеткеннен кейінгі туған шығармаларды құрады.
Анна Ахматова мен ұлы Лев Гумилев. 1960 жыл
Осыдан кейін Анна Ахматованың шығармашылығы Кеңес үкіметі тарапынан қасымға ұшырады. Тіпті Коммунистік партияның шешімімен оның шығармашылығы социалистік құрылыстың идеаларымен сәйкес емес деп танылды.
Тек 1959 жылдан кейін ғана Ахматованың өлеңдері кеңестік журналдарда жариялана бастады. Ал 1980 жылдан кейін ақын қыздың өлеңдері ешқандай цензурасыз халыққа өзгеріссіз күйінде жетіп жатты.
Осыған дейін массагеттіктерге таныстырған Лев Гумелевтай ұл тәрбиелеп кеткен Анна Ахматова 1966 жылдың 5 наурызында дүние салып, Комаровада жерленді.
сурет: litacademia.ru