Америка штаттарының атаулары

Америка штаттарының атаулары
Фото: vk.com

АҚШ әкімшілік жағынан 50 штаттан, яғни, бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттары және Колумбия федерациясы аймағынан тұрады. Штаттар, өз кезегінде, 3133 аймаққа немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге бөлінеді. Ал, осы құлаққа сіңген атаулардың негізіне үңіліп көрдіңіз бе?

Алабама

Крик үндістері тілінде “Тайпа қаласы”

Аляска

Алеуттердің “Алашак” сөзінен шыққан. Ол  “арал” деген мағына береді.

Аризона
Ацтек үндістерінің “Аризума” деген испандық нұсқасы, “күміс тасушы” деген мағына береді.

Арканзас

Сиу үндістерінің “Аканса” сөзінің француздық нұсқасы “ағыстан төмен жер” деген мағына береді.

Калифорния

Испан конкистадорларынан келе жатқан сөз. 1510 жылы шыққан “”Las Serges de Esplandian” романында Калифорния аталатын жұмақ аралы сипатталады.  

Колорадо

“Испан тілінен аударғанда  “қызылмен боялған” деген мағына береді.

Коннектикут

Үндістердің Quinnehtukqut сөзі  “үлкен өзен жанында” деген мағына береді.

Делавэр

Өзен атымен сәйкес келеді. Ол Вирджинияның губернаторы сэр Томас Уесттің (Lord De La Warr) құрметіне  1610 жылы қойылған.

Флорида

Штаттың бұл атауын испандықтар 1513 жылы Пасха мерекесі кезінде қойған. Аударғанда “Гүлденген Пасха” деген мағына береді.

Джорджия 

Ағылшын королі Георга II-нің құрметіне қойылған.

Гавай аралдары

Жергілікті тілде“ Отан ” деген мағына беретін “ Owhyhee ” сөзінен шықса керек .

Айдахо

Жергілікті аборигендер тілінде — “таудың асыл тасы”.

Иллинойс

Алгонкин тайпасынның тілінде  “соғыс” немесе “үздік адамдар тайпасы” деген мағына береді.

Индиана

“Үндістер жері ” деген мағына беретін сөз.

Айова

Сиу тайпасымен туыстас тайпа атауына сәйкес келеді.

Жалғасы бар

А. Оралқызы