- Негізгі бет
- Көкжиек
- Әлемнің әйгілі қаламгерлері...
Әлемнің әйгілі қаламгерлері неден қорыққан?
Танымал әдебиетшілердің әдеттері мен үрейлері олар жайында олардың өмірбаяндық деректерінен де көп әрі әсерлі қылып айтып бере алады. Төмендегі мына қызықты фактілер мен олардың өмірінде болған оқиғалар оқырман қауымды таңғалдыруы мүмкін.
Николай Васильевич Гоголь
Гоголь өмір бойы оны тірі күйінде көміп тастау қаупінен қорықты. Алайда, жазушының бұл үрейі негізсіз болмады, себебі Гоголь жас кезінде энцефалит безгегінен зардап шеккен. Ол кезекті рет естен танып қалғаннан кейін оны өліге қабылдап көміп тастаудан қатты қорықты. Өмірінің соңғы жылдарында оның үрейі дүрбелең қорқынышқа айналды. Осыған байланысты ол тіпті керуетке жатып ұйықтамай, үстелде отырып ұйықтауға мәжбүр болды.
Владимир Маяковксий
Маяковский ауадағы әртүрлі инфекцияларды жұқтырып алудан қатты қорықты. Сондықтан да ол есіктің тұтқаларына ешқашан қол тигізбеді. Сондай-ақ ол өзімен бірге қолғабын тастамай, тіпті шешпей киіп жүрді.
Сергей Есенин
Есенин болса, мерез дертіне шалдығудан қатты қорықты. Тіпті мынандай жайттар да орын алған: Егер мұрнына кішкентай безеу шыққанын байқаса, айнаға қарап, безеуден көз алмай бақылайтын болған. Ал кейбір кездерде тіпті кітапxанаға асығып, онда аурудың барлық даму жолдарын оқып, зерттейтін болған екен.
Эдгар Аллан По
Эдгар По өмірінің соңына дейін қараңғыдан қорыққан. Мүмкін бұл қорқынышының бір себебі, оның бала кезінде молада сабақ оқығанында шығар... Себебі, болашақ жазушы оқыған мектептің xалі тым нашар болғаны соншалық, тіпті кітап сатып алатын жағдайы да болмаған. Алайда, математикадан беретін тапқыр мұғалім математика сабағын мектеп жанындағы молаларда өткізген. Әр оқушы марқұмның құлпытасындағы қайтыс болған жылынан туған жылын алып, бақилық жанның неше жыл өмір сүргенін есептейтін болған. Сондықтан да Эдгар Алланның қорқынышты әңгімелердің негізін қалаушылардың бірі болғанына таңғалуға болмайды.
Джеймс Джойс
Джойс кинофобиямен, кераунофобиямен және гидрофобиямен ауырған, яғни судан, иттен, сосын найзағайдан қорыққан. Жас кезінде ол үшін жуыну - күрделі әрі әрең шешілетін мәселелерінің бірі еді.
Стивен Кинг
Кинг ұшақтардан, нақтырақ айтқанда ұшақпен ұшудан, одан басқа "13" санынан және қара мысықтан қатты қорыққан. Өзінің кітаптарын жазып жатып ол ешқашан он үшінші бетке тоқтамайды және ол қараңғыдан қорыққандықтан үнемі жарық жағып ұйықтаған.
Аударған: Руслан Мералиев
Ж. Жұмағұлов