Көптеген жазушының шығармаларын оқыған кезде басыңызға "осындай шығарманы қалай, қандай жерде отырып жазды екен?" деген ой келеді. Шедевр тудыру үшін де жақсы дайындықпен бірге жақсы, жанға жайлы орын керек. Қаламгерлер шығармаларын көп жағдайда өздеріне күй талғап, жанға жайлы жер таңдап барып жазған екен. Ол әрине еш алаңсыз жазу һәм жақсы шығарма тудыру үшін деп топшыладық. Олай болса, әйгілі жазушылар қандай демалыс орындарына тоқтағандығына біз де тоқталып көрелік.
Марк Твен Эльмира фермасындағы үйге (Нью-Йорк, АҚШ) тоқтап, "Гекльберри Финның бастан кешкендері" кітабын жазған. Қазір ол жерде колледж орналасқан.
Эдинбургтағы (Шотландия) "The Elephant House" кафесінде Джоан Роулинг өзінің ең бірінші туындысы "Гарри Потерді" жазған.
Қала сыртындағы бақта (Англия) орналасқан үйде Вирджиния Вулф жалғыздан жалғыз қалып оңашаланған деседі.
Ки-Уэстегі үй (Флорида, АҚШ). Әйгілі жазушы Эрнест Хемингуэй өзінің үздік романдарының бірі "Иметь и не иметь" романын жазған.
Шотландық Джура аралында бәрінен оқшау орналасқан үйде Джордж Оруэлл антиутопиялық "1984" романын жазған екен.
Сент-Олбанстағы (Англия) шағын үйшікті Бернард Шоу салған. Ол осы үйде тамаша табиғатпен сырласа отырып, өзінің танымал пьесаларын жазған.
Ал енді өзіміздің қазақ қаламгерлеріне келсек, жазушы Мұхтар Мағауинді айтсақ болады. Ол Прагада жатып, "Шыңғыс хан" романын жазып бітірді.
Сондай-ақ ақын Жұбан Молдағалиев жұбайымен Көкшетауға демалысқа барып, бірқатар өлеңін сол жақта жазған деседі.
Өткен ғасырда Алматы қаласы әл-Фараби даңғылының бойында қазақ жазушыларының арнайы барып шығармашылықпен айналысатын жер болған екен...