Әлемдегі ең көлемді роман Қытайда жазылды

Қытайлық Чжан Вэй XX ғасырдың елуінші жылдары Қытайда орын алған оқиғалар мен реформалар жайлы роман жазып шықты. Айта кететін болсақ, аталған романда 4,5 миллионға жуық кейіпкер бар және жаңа ғасырдың тоғысында дүниеге келген ең көлемді романдардың бірі болып саналады. 

Қазіргі таңда Чан Вэйдің он томдық шығармасы Қытайда 5 мың данамен таралып үлгерген. Оған қоса көркем туындыға Мао Узедунның атындағы арнайы сыйлық табыс етіліпті. Ғұмырында мұшалықты көлемді шығарманы жазам деп ойламаған қытайлық жазушы енді міне, өзі жазған шығармасының жемісін көріп отыр. 

Қытайдағы Жазушылар одағының басшысы Хе Чжанминг жақсы шығарманың жақсы тиражбен таралатынын тілге тиек етіп отыр. Ендеше, әр парағы тарихтан хабар беретін, Қытайдың жарты тарихын бір өзі қамтып отырған туынды әр қытайлықтың үйінің төрінде тұрса, еш ағаттығы жоқ. Керісінше, тарих пен тағылым, таным мен көкжиек тұрғысынан көмегі көп болады. 

Сурет:kotomatrisi.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт