- Негізгі бет
- Көкжиек
- Әлемді жылатқан 5...
Әлемді жылатқан 5 кітап
Қай заман болмасын кітаптың дәуірі өткен емес. Қанша жерден технология дамығанымен кітаптың алдында қауқарсыз. Себебі кітап бүгінгі күнге бүкіл ақпаратты жеткізуші, тарихи жәдігерлер мен құнды қағаздарды сақтаушы бірден-бір қайнар көз. Кітап алдында адамзатың бас иуі де осыдан. Кітап әртүрлі бағытта болады. Бірі алып оқып күлесіз, бірін оқып ашуланасыз. Сіздерге әлемді жылатқан 5 кітапты ұсынып отырмыз. Оқуға кеңес береміз.
1. «Үш дос». Эрих Мария Ремарк
ХХ ғасырдың ең бір ерекше романы болып саналады. Кітапта екі адамның махаббаты сөз болады. Екеуі екі түрлі бірақ бір бағытта адасып кеткен екі тағдырдың махаббаты сөз болады. Өмірге құштарлық, өліммен күрес сынды трагедиялық сюжеттер желісімен құралған.
2. «Жолақ пижамадағы ұл» Джон Бойн
Бұл кітап негізінде фильм де жарық көрді. Дегенмен кітаптың тілі басқа. 9 жасар баланың өзгешелу досы жайында жазылған кітап өмірдің шындығы мен соғыс кезіндегі қым-қуыт тағдырға негізделген.
3. «Менің әпкем тас сөреде тұрады» Аннабель Питчер
Отбасы қайғылы жағдайға тап келсе де кішкентай Роджер жылаған жоқ. Өйткені ол бала болса да жақсылыққа сенетін. Тіпті оның ерлігі әлемді және оның тас сөреде өмір сүретін әпкесін де құтқарып қалар.
4. «Мен тірі тұрғанда» Дженни Даунхэм
Тессе Скот бар жоғы 16 жаста. Ол үшін бәрі алда. Бірақ дерттің соңғы қайда апаратыны тағы белгісіз. Ақыры үміті өшкен қыз адам ақылына симайтын тілектерден тізім жасап орындауға кіріседі. Роман сізді қызықтырып барып жылатуы да мүмкін.
5. «Сабырсыз жүрек» Стефан Цвейг
Кітап сезімге толы. Қандай жағдай болмасын кейіпкерлердің арасындағы махаббат байланысы оқырманын мұңға батырмай қоймайды. Кез келген жағдайда сезімді сақтап қалуды түсінесіз.