- Негізгі бет
- Көкжиек
- Ақылсыз һәм атақты...
Ақылсыз һәм атақты 5 кітап
Кітаптың әртүрлісі болады ғой. Әлемнің әйгілі әрі ақылсыздау 5 кітабын ұсынамын.
Олар әлемдік классикаға ешқашан баланбайды, десек те, аты атырапқа кеткенін жасыра алмаймыз. Оқырманның қызығушылығын тақырыбымен-ақ арттыра алатын кітаптар мыналар:
1. «Төсті табиғи түрде үлкейту» - Дональд Л.Уилсон.
Кітаптың тақырыбына қарап-ақ оның жаппай сатылып кететінін аңғарамыз. Мазмұны «мұңды» әйелдерге пайда әкеле ме, жоқ па, оны білмейміз, әрине. 1979 жылы басылып шыққан кітап әйелдерге арналған. Әрменгісі түсінікті...
2. «Шабылған басты тірі күйінде қалдыру» - Шет Флеминг.
Автор бұл кітапты не үшін жазғанын білмейміз, десек те, 1988 жылдан бері бұл кітаптың неше мың данасы шығып, әлі күнге дейін сатылымда тұр. Мазмұнында шынымен де жәндіктердің басын кесіп алып, қандай жолдармен тірі қалдыру туралы жазылған. Шет бұл кітапты шығарып қана қоймай, ғылыми трактат жазып, кесілген басты тірі қалдыру құралдарын патенттеп те үлгеріпті.
3. «Қарандаштың басын қалай ұштау керек» - Дэвид Рис.
Кітап шынында да қарандаштың басын қалай ұштау керектігі жайлы, ұштау үшін қандай жолдар ұсынылатыны жайлы баяндайды. Егер уақытыңыз шамадан тыс көп болса, осы туындыны оқып шығыңыз. Сонда сіз қарандаш ұштаудың шебері атанасыз...
4. «Жүйріктерге арналған әліппе» - Марк Реми.
Кітап бұрынырақта жүгіру спорт шеберінің айтуы бойынша жазылған. Ол кезінде 21 марафонды жүгіріп шыққан екен. Бірақ ішінде цензурадан өтпейтін боғауыз сөздер көп. Сатып алмас бұрын, парақтарын ақтарып көруге кеңес беремін. Суреттері де мәдениетке жат екенін ескерту абзал...
5. «"Е" әрпін қоспай құралған және 50 000 сөзден тұратын оқиға» - Эрнест Винсент Райт.
Кітап 1929 жылы басылып шыққан. Шынында да, бұл романда «е» әрпі тек бір-ақ рет кездеседі. Ол, әрине, мұқабасында. Кітап әлі күнге дейін сатылымда тұр. Бұл шығарма негізінен коллекционерлерге арналған сияқты...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: hacklive.ru
А. Құлтай