- Негізгі бет
- Көкжиек
- Ақылды жылдығын, ақылсыз...
Ақылды жылдығын, ақылсыз күндігін ойлайды
Өмірде түрлі жағдай болады. Сондай кезде адамға ең алдымен ақыл көмекке келуі тиіс. Ақылды ашу жеңсе, кез келген жайттың соңы өкінішке ұласады. Ал ақылға жүгінген адам ешқашан жеңілмейді, өз биігінде қалады. Біз ашу мен ақыл жайлы нақыл сөздерді ұсынамыз.
Ақылдан жақын дос бар ма?
Ақыл — дария, алса да таусылмайды,
Жел — қазына, сауса да таусылмайды.
Ақыл — дария, ой — теңіз.
Асығыста салмақты бол, ашу қысса ұстамды бол.
Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
Ашу шабыстырады, ақыл жарастырады.
Ақылдан ашу көп болса — ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса — ашу не етер?
Ақыл — гауһар бағасыз,
Ақымақ — ауру дауасыз.
Ақылға ақыл қос, ашуыңды тос.
Ақылдан артық байлық жоқ.
Ақылдан асар амал жоқ,
Батылдар алмас қамал жоқ.
Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.
Ақылдыға сөз айтсаң, аз ойланып біледі.
Ақылсызға сөз айтсаң, тыңдайды да күледі.
Ақылдыдан шыққан сөз аңсағанға болсын кез.
Ақылды ерге қарайды,
Ақылсыз өрге қарайды.
Ақылды ерден сұра,
Дақылды жерден сұра.
Ақылды ердің ішінде алтын ерлі ат жатыр.
Ақылды жардың ішінде алтын айдар ұл жатыр.
Ақылды жел де ұшырмас, ұры да ұрламас.
Орынсыз ашу — от шашу
Ақылды жылдығын, ақылсыз күндігін ойлайды.
Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер.
Ақылды "көндім" десе,
Ақымақ "жеңдім" дейді.
Қатты жауған күн
Тез ашылады,
Қатты ашуланған кісі
Тез басылады.
Аюды жеңген — жарты ер,
Ашуды жеңген — бүтін ер.
Ашу үстінде ант жүрмейді.
Ашу — пышақ, ақыл таяқ.
Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
Бүргеге өкпелеп тоныңды отқа тастама.
Қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды.
Жаманның ашуы басы жерге жеткенше,
Жақсының ашуы шәйі орамал кепкенше.