- Негізгі бет
- Көкжиек
- Ақша – адамның...
Ақша – адамның бес сезімін жаулай алатын алтыншы сезім
Адам баласы жеті жасқа дейін, жаттығу залында және қиындық туған кезде ғана сабақ алады.
Стивен Кови, бизнес саласындағы кеңесші, инвестор
Ақша — адамның бес сезімін жаулай алатын алтыншы сезім.
Ричард Ней, америкалық актер, кәсіби кеңесші
Үнемі еңбегінің нәтижесін көретін адамдар жиі етікшіге барады.
Альберт Эйнштейн, белгілі физик, салыстырмалы уақыт теориясының авторы
Бақ адамның өмірінде бір рет қана есік қағып келеді. Ал көбіміз көрші бөлмеде масайып отырып, оның келгенін аңғармай қаламыз.
Марк Твен, америкалық жазушы
Кешігіп барып қабылданған дұрыс шешім қателік болып саналады.
Ли Якокка, америкалық топ менеджер, бірқатар бестселлерлер авторы
Креативті идея негізінде пайда болған инновация — нағыз бизнестің көзі.
Джеймс Гуднайт, SAS Institute компаниясының директоры
Жұмысыңызда қанша ақылды бас көп болса, табысыңыз да сонша ұлғая түседі.
Генри Форд, Ford Motor компаниясының негізін қалаушы
Мен өзім тапқан алғашқы миллионымнан басқа табысымның барлығына есеп бере аламын.
Джон Дэвисон Рокфеллер, америкалық миллиардер, АҚШ-тағы мұнай зауыттарын біріктіруші
Үнемі күрделі жолды таңдауға тырысыңыз. Себебі ол бағытта сіздің бәсекелесіңіз болмайды.
Шарль де Голль, француз генералы, Франциядағы бесінші Республиканың тұңғыш президенті
Сізді белгілі бір проблемаға жетелеген ойыңыз бен бағытыңыздан бас тартпасаңыз проблеманың өзін де шеше алмайсыз.
Альберт Эйнштейн, белгілі физик, салыстырмалы уақыт теориясының авторы
Ойлау жүйеңді өзгертсең, өміріңді де өзгерте аласың.
Брайан Трейси, «Феникс семинар» бизнес жүйесінің негізін салушы
Сізбен келісім түзушінің тәжірибелі екенін түсінсеңіз, ортақ келісімнен кейін қаржылай ұтылғаныңызды аңғарасыз.
Уоррен Баффетт, Америкалық кәсіпкер, миллиардер
Көп ақпаратқа ие болу көп ақшаны иемденумен тең.
Жак Аттали, француз экономисі, жазушы әрі саяси қайраткері
Қызметкерлердің басым бөлігі компаниядан емес, бастықтарынан кетеді.
Роберт Саттон, Стэнфорд Университетінің профессоры, бизнес саласында жазылған кітаптардың авторы
Ақша барлығын басқарады дегенге сенетін адамның ешқашан жеткілікті қаржысы болмайды.
Эдгар Хоу, америкалық прозаик және тілші
Егер сіздің мақсатыңыз тек байып кету болса, сіз ешқашан сол межеге жете алмайсыз.
Рей Крок, McDonald’s фаст-фуд ресторандар желісінің негізін салушы
Ж. Өрісбай