Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі "Көкжиек" ғылыми–шығармашылық клубының ұйымдастыруымен алаш зиялыларына арналған "Үш бәйтерек" атты әдеби танымдық кеш өтті.
1938 жылы 26 ақпанда қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин НКВД жендеттерінің қолынан Алматы облысы маңындағы Жаңалық ауылында 43 жасында опат болды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, талантты да тағдырлы тұлғаларды еске алу мақсатында өткен кешке ҚазҰУ-дың филология факультетінің студенттері, әдебиетші ұстаз, ғалым Шоқан Шортанбаев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың "Жас қалам" клубы т.б. әдебиет сүйер қауым қатысты.
Кештің құрметті қонағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы, әдебиетші-ғалым Күләш Ахметова болды.
Кіріспе сөзді "Көкжиек" клубының ғылыми жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиетші-ұстазымыз Ләйла Жұматайқызы сөйлеп, бір минут үнсіздік жариялады.
Кеш тізгінін 2-курс студенттері Мырзатхан Таңжира және Аида Қарсыбайқызы ұстады. Студенттер "Үш бәйтерек" жөнінде ой-толғаныстарымен бөлісіп, презентация (видеолар) көрсетіп, арнау өлеңдерін оқыды. 1-курс студенттері Гүлім Құмарбекова, Еңлік Жұмаш, Әлия Жалғасова қаламгерлер жөнінде баяндама жасады. 2-курс студенттері Ернар Сабыржан мен Батыл Жанболат, Аймереке Қуанбекқызы, Айғаным Қоңырбайқызы, Аружан Қалибек ақын өлеңдерін ерекше шабытпен оқыды.
"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 3-курс студенттері Айнара Еркін, Аружан Бейбіт, Аружан Досымбек, Гаухар Аманбек, Жадыра Махамбетова, Балнұр Балтабайқызы, Дана Әлхам кешке белсене қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың "Жас қалам" әдеби клубының студенттері де кешке өз үлестерін қосты.
Белгілі әдебиетші, сәкентанушы ғалым Ахметова Күләш апай үш қаламгердің тағдыры мен шығармашылығы, жалпы олардың заманы мен сол тұстағы әдеби үдеріс жөнінде мазмұнды да қызықты, өзекті ой-пікірімен бөлісіп, жастарға ой саларлық сабақ боларлық әңгімесін арнады. Кеш болашақ әдебиетшілер үшін тағылымды пайдалы жиын болды.
Л.Мұсалы, И.Әзімбаева, ҚазҰУ