- Негізгі бет
- Көкжиек
- Әдебиеттің емшілігі немесе...
Әдебиеттің емшілігі немесе күлкі үнемдеу
Рэй Брэдбери
Жетпісінші жылдары СВС телеарнасының бір бағдарламасы Рэй Брэдбериді қонаққа шақырады. Әңгіме-дүкен қыза түскен бір тұста жазушы замандық кең дүниеде әдебиеттің біздің жанымызды қалай сақтап келе жатқаны туралы айтып берген екен.
"Адамдар жыламауға тырысады. Сол үшін де сіздің жылап алуыңызға көмектесетін жазушы қажет. Адамдар күлкіні үнемдейді (саясаткерлер үшін, бәлкім) - жазушылар оларға күлуге көмектеседі. Әдебиет біздегі туа біткен қылмысты түйсікті іште ұстауға ерік береді - өйткені, біздің өсіп-өркендеуіміз туралы ең бір керемет деректің түп мәні көпшілік адамның бір-бірін өлтірмеуінен тұрады. Сол себептен, жазушы өз оқиғасымен пайда бола кетіп, келесі күні сіздің шындық өмірде жасамауыңыз үшін, бүгін виртуалды өлтіруге жол ашады.
Біздердің әрқайсымыз қалай болғанда да тіршілік құруды тоқтатамыз. Мұның бәрі теңдессіз шиеленіс (напряжение) түзеді, ал бұл аса зор ауқымдағы стресс. Мұны мен де игеремін: өзімнің теру машинкамды алып, мені шын мәнінде не мазалағанын білу үшін, көп күн бойына сөздерді сынақтан өткіземін. Жылау керек пе немесе күлу қажет пе? Мен де мұны біле бермеймін.
Өнер бізге шындық өмірде өлмеуіміз үшін берілген — өйткені, өлім бізге тым жақын. Біз өлім, қарттық туралы, махаббат жайлы тым көп білеміз және кейде олар бізді алдарқатады, алдап кетеді. Адамдар мәңгілікке кетеді де, біздің өмірден жоғалады. Біздің достар бұл дүниені тастап, ешқашан оралмауға бекінеді. Біздің балаларымыз үлкен өмірге аттап, өз беттерінше жүріп тұруға айналады. ...Жылау керек пе маған немесе күлу қажет пе? Мен де мұны біле бермеймін.
Сол себептен мен барлығын, басымда не болып жатқанның бәрін тере бастаймын: "ергежейлі", "түн", "көл", "жел", "уақыт машинасы". Сосын мен өзімнен мұның бәрін неге жаздым деп сұраймын? Неге мен, мысалға, "бала бөлмесі" деп жаздым? Мүмкін, бәрі басқаша шығар... Сіз ішкі әлеміңіздің ғұмыр-тарихымен өмір сүрмейсіз, бірақ, соған ерген дұрыс".
Аударған: Фараби Арыстанбек
Сурет: theoryandpractice.ru