Әдебиеттегі қаһармандар мен олардың прототиптері

Прототип - өмірде, тарихта болған тұлға. Кезінде Горький нағыз әдебиетші өмірде болған адамды ғана романның кейіпкеріне айналдыратынын айтса, ал сіз таңдай қаға, таңғалып отыратын Достоевский шалдың шығармасындағы кейіпкерлердің барлығы дерлік өмірде болған жандар.

Бүгін сіздерге кітап қаһармандарының қалай пайда болатынын және образдар мен олардың прототиптері туралы айтатын боламыз. 

Джеймс Бонд

Атадан қалған лауазымы бар, "қызғалдақтар елінің" ханшайымына тұрмысқа шыққан соқыр тәуекелдің иесі, таңдаулы ер ханзада Бернард Ван Липпе-Бистерфельдтің прототипінен Джеймс Бондтың образы алынған.

Айта кететін болсақ, Джеймс Бондтың шытырман оқиғалары ағылшын тыңшысы Ян Флемингтің 1953 жылы шығарған «Казино Рояль» кітабынан соң көпшілікке тарап кетті. Тарихта немістердің әскери қызметінен қашып, ағылшын тыңшысы болып шыға келген Флемингтің сол уақыттағы бар мақсаты Бернард ханзаданы аңду болған.

Остап Бендер

Остап Бендердің прототипі 80 жылдарда Мәскеу-Ташкент теміржолында проводник болып жұмыс істеген Осип Шор есімді кісі болған. Одессада туылған жас жігіт бала кезден бастап соқыр тәуекелдің артында кетуді жақсы көріпті. Мәселен, Петроградта Технологиялық университетте оқып жүргенде бірде шахматтың гроссмейстері болып шыға келсе, енді бірде жаңашыл суретші болып танылған. 

Осы даңқ-дақпырттардың арқасында Одессаға оралып, жергілікті қылмыспен алысып өмір сүрген. 

Ханзада Бернард Ван Липпе-Бистерфельд (Джеймс Бонд), Джозеф Белл (Шерлок Холмс).

Шерлок Холмс

Джозеф Белл есімді дәрігер Шерлок Холмс образының дүниеге келуіне сеп болған. Ол туралы Конан Дойль өз автобиографиясында айта кетіпті:

"Өзімнің ертедегі ұстазым Джо Белл детектив болғанда дүниеге жаңа бір ғылым келер ме еді?!" - депті. 

Профессор Преображенский

Профессор Преображенскийдің образы француздың атақты хирургы Самуил Абрамович Вороновтың прототипінен алынған. Өздеріңіз білетіндей, орысқа туыстық қатысы бар Самуил еуропалық медицинада төңкеріс жасаумен аты қалған жан. Ең алғаш рет адамға маймылдың бауыр безін салған.

Дориан Грей

Джон Грейге бала кезден қамқорлық жасағандардың бірі Оскар Уайльд болған. Он бес жасар бала сол уақытта Оскарды тәнті қылған. Кейінірек, баспасөз беттерінде Джонды Оскардың сүйіктісі ретінде қарастырған мақалалар шыға бастайды. Ашуға мінген жас жігіт сотқа арыз беріп, редакциядан кешірім келген соң Уайльдпен арадағы достықты доғарып, католик дінін қабылдап, бүкіл өмірін шіркеуде өткізген.

Джон Грей (Дориан Грей), Майкл Дэвис (Питер Пен), Алиса Лиделл.

Питер Пен

Сильвия мен Артур Дэвистердің отбасымен таныстықтан соң Джеймс Метью Барри дүниеге Питер Пеннің образын алып келді. Яғни Дэвистің көп балаларының бірі Майклдың бүкіл мінез-құлығы ерекше жаратылысынан хабар беріпті.

Карлсон

Карлсонның прототипі  - Герман Геринг. Швецияда авиашоу жасап жүретін жанның мінез-құлқы ешкімге ұқсамайтын болған екен. Астрид Линдгрен Германмен  достық орнату арқылы 1955 жылы кітап басып шығарады. 

суреттер:livefastmag.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек