- Негізгі бет
- Көкжиек
- Абайдың кісе белбеуі...
Абайдың кісе белбеуі табылды
Фото:
ult.kz
Семей қаласының мұражайынан қазақтың бас ақыны Абай туралы жаңа деректер табылды.
Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қайрат Сабырбаев қорда 1894 жылғы тіркеу дәптері бар екенін, сол арқылы бір кездері өлкетану мұражайына тапсырылған заттардың бірі Абайға тиесілі екені анықталғанын айтты.
“Дәптерде белбеудің иесі Шыңғыс болысындағы Ибраһим Құнанбайұлы деп жазылған. Бұл затты мұражайға қор сақтаушы қабылдап алған. Бірақ кімнен қабылдап алғанын дәптерде жазбаған”, - деп түсіндірді Қ.Сабырбаев.
Күміспен көмкерілген белбеу Абай мұражайына тапсырылды.
Т. Раушанұлы