22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

Құрметті Массагет сайтының қолданушылары бүгін 22 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні.

Осыдан тура 24 жыл бұрын - 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. 

Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы" Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. 

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Массагет сайты Қазақстанның әрбір азаматын Тілдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Ж. FM