Жазушылар қауымын кедей деп ойласаңыз қателесесіз. Біз кеше биылғы жылы ең көп табыс тапқан шетелдік қаламгерлер жөнінде айтқан болатынбыз. Бүгін соның жалғасын көріңіздер.
8. Э. Л. Джеймс
Жылдық табысы: $15 млн
"Сұрдың 50 реңкі» кітабының авторы Э.Л.Джеймс бұл жылы да нашар табыс тапқан жоқ. Оның осы аталған кітабы бар болғаны 3 ай ішінде 15 млн данасы сатылып кеткен. Шығарма бойынша түсірілген фильм оған $2 млн астам пайда әкелді.
Жылдық табысы: $10 млн
Forbes рейтингіне жаңадан ілінген «Пойыздағы қыз» кітабының авторы – Пола Хокинс. Криминалды роман 11 000 000 таралыммен сатылымға шықты. Аталған роман жазушыға зор танымалдық әкелген. Жазушы бұл романды жазу үшін өзге ештеңемен айналыспай, 6 ай уақыт жұмсаған екен. Кітап қазір экрандалу үстінде.
Жылдық табысы: $10 млн
Оқырман қауымды елең еткізген «Жұлдыздар кінәлі» («Виноваты звезды»), «Қағаз қала» («Бумажные города») кітаптарының авторы Джон Грин сатылым мен экрандалған кинодан табыс түсіруін әлі де жалғастырып жатыр. Қаламгер биыл жаңа ештеңе жазған жоқ.
11. Вероника Рот
Жылдық табысы: $10 млн
«Дивергент» шығармасының авторы Вероника Рот жақсы шығарма жазуды одан ары жалғастыру үстінде. 28 жасар жазушы қыз биылғы жылы $10 млн табыс тапты. Ол үшін бұл зор жетістік. Рот Forbes рейтингінің ең жас қатысушысы.
Жылдық табысы: $10 млн
Дэн Браунда келесі жылы тізімнің ортасына қарай ойысуға көп мүмкіндік бар. Бұл оның «Инферно» романы бойынша түсіріліп жатқан фильм жарыққа шығуымен тікелей байланысты.
Жылдық табысы: $9,5 млн
Перси Джексон туралы романның авторы америкалық Рик Риордан осы шығармасы арқылы $9,5 млн пайда түсірген екен. Риордан Джефф Киннимен бірге балалар жазушысы ретінде Forbes тізімінде орын алған.
Жылдық табысы: $9,5 млн
Жыл өткен сайын Джордждың табысы төмендеп келеді. Өткен жылы $12 млн тапса, биыл бар жоғы $9,5 млн. Мұның басты себебі жазушының алтыншы «От пен мұздың әні», «Қысқы жел» атты циклді кітабын аяқтай алмай жатқанында болса керек.