- Негізгі бет
- Көкжиек
- 10 заман туралы...
10 заман туралы 10 роман
«Нағыз тарихты тарихшы емес, суреткер жазады»
(М. Горький)
Тарих статистика мен сандарға сүйенеді, нақты деректерді қажет етеді. Ал әдебиет сол кезеңдегі адамдардың жан әлемін суреттеуге тырысады.
Тарихи оқиғаларға тереңірек үңілемін десеңіз, мархаббат, қазақ жазушылары жазған тарихи романдарды оқып шығыңыз.
1. “Көшпенділер” (Ілияс Есенберлин). Қазақ хандығының көркем шежіресі. Хандардың бекзада болмысы, әскердің сесі шебер суреттеледі. КСРО кезінде жазылған алғашқы айбынды тарихи роман. Қазақ рухына алғаш әсер еткен екі кітап болса, соның бірі.
2. “Аласапыран” (Мұхтар Мағауин). Төрелердің салтанатты көшімен басталып, Мәскеудің сол кездегі тұрмысына дейін бейнеленеді. «Өнер-білім»
3. “Үркер” (Әбіш Кекілбай). Әбілқайыр ханның өмірі. Сол кездегі қазақ халқының тұрмысы, саяси-әлеуметтік ахуалы. Әбілқайыр ханның әдебиеттегі толымды бейнесін осы шығармадан көре аласыз.
4. “Абай жолы” (Мұхтар Әуезов). Бірінші кітабы Құнанбайдың сұңғылалығымен басталады. Кей ғалымдар бұл Абай туралы емес, Құнанбай туралы шығарма деп те пікір айтқан. Қазақтың тұрмысы мен болмысын қара сөзбен кестелеген нағыз көркем шығарма.
5. “Бесатар” (Асқар Сүлейменов). 1916 жыл. Қазақтың басынан бақ тая бастаған шақ. Қаруланған, ұйымдасқан әскердің батырлық пен өрлікті қалай жеңетіні айталады.
6. “Құланның ажалы” (Ақан Нұрманов). Амангелді батырдың серігі болып, кейін көзқарастары қайшы келіп, бөлек кеткен батырдың ерліктері. Басына ноқта салғызбай бұлқынып өткен Кейкінің өмірі.
7. “Ақбоз үй” (Смағұл Елубай). Кәмпеске уақыты. Жаңа заманның қатал талабымен бетпе-бет келген тектілердің күйі. «Бай болу деген жамандық» деп үйреткен коммунистік түсінікке басқаша қарау.
8. “Қаһарлы күндер” (Тахауи Ахтанов). Екінші дүние жүзілік соғыстың қасыреті. Уралаған ұранның тасасында қалған жан тебіреністері. Сағыныш пен аяныш әрі жаны сірі жауынгер бейнесі.
9. “Соңғы көш” (Қабдеш Жұмаділов). Алпысыншы жылдардағы Қытайдан Қазақстанға келген ағайынның көші. Автордың өз өмірі деуге де болады. Туған өлке, өскен ортаны тастап, ұрпақтың қамы үшін талай нәрсені құрбан еткен ерлердің бейнесі.
10. «Желтоқсан эпопеясы» (Мұхтар Шаханов). Деректі роман. Желтоқсан оқиғасының деректері. Болған жағдайдың бір қыры, қасыреттің бір парасы, Қазақ елі Тәуелсіздігінің алғашқы парағы.
Дереккөзі: namys.kz
Ш. Талап