Эрнест Хемингуэй "Қош бол, майдан" кітабының шешуші кезеңін, яғни финалын 39 рет жазып шыққан. Енді міне, атақты жазушының немересі Шон Хемингуэй әлемдегі ең атақты романның финалының 47 нұсқасы болған деген пікір айтуда...
Әлемдік классиканың қатарына жататын атақты туындының соңғы нүктесінің (финалының) әртүрлі нұсқасы болған көрінеді. Бірінде бір-екі сөйлеммен қорытындылай салса, енді бірінде бірнеше абзацтарға созылып жатқан болып шықты. Сенбей отырсаңыз, жақында Scribner баспасынан шығатын аталған кітаптың жаңа нұсқасын алып оқыңыз. Сонда барып әйгілі жазушыға романды бітірудің қаншалықты қиынға соққанын бағамдай аласыз.
Сонымен қатар жаңа басылымда Эрнест Хемингуэйдің романға қатысты шимай дәптеріндегі деректер толықтай беріледі. Мәселен, кітапқа қойылуы мүмкін тақырыптардың қатарында "Қош бол, майданнан" басқа "Соғыс кезіндегі махаббатпен", "Жарақат және одан да басқа дүниелер туралы", "Таңғалумен" деген секілді тақырыптар болғандығын біле аласыз. Және оған қоса сол бір тақырыптардың жазушының өз қолымен сызылып тасталынғанын...
Айта кетсек, "Қош бол, майдан" романы ең алғаш рет 1929 жылы басылып шыққан. Роман бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дәрігер мен жаралының арасындағы махаббаты жайлы...
Сурет:sjanbolat.blogcn.com
Дайындаған: Фараби Бақыт