- Негізгі бет
- Кітап
- 23 сәуір –...
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін - 1996 жылдан бастап жыл сайын 23 сәуірде атап өтеді. Бұл күн 1995 жылы 15 қарашада ЮНЕСКО-ның 28-сессиясындағы 3.18 қаулысында ресми түрде белгіленді.
Шешім мәдени дәстүрлерді ағарту және дамыту мақсатында, сонымен қатар кітаптар білімді таратудың маңызды құралы және оны сақтаудың ең сенімді әдісі екенін ескере отырып қабылданды. Қарарда осы күнгі кітап көрмелері мен жәрмеңкелерінің тиімділігі айтылған.
Шешім қабылдау кезінде бұған дейін Кітап күнін өткізген бірқатар елдер мен ұйымдардың тәжірибесі ескерілді.
Атап айтқанда, 1926 жылы Испанияда король Альфонс XIII Испанияда испан кітабы күнін атап өту туралы жарлыққа қол қойды және біраз қайшылықтардан кейін бұл күн 23 сәуірде – дәл осы күні атап өтеді деп шешілді. Бұл күн Мигель Сервантестің қайтыс болған күні болып саналады.
Барселонада бұл күн Каталонияның әулиесі Георгий Георгийдің құрметіне арналған мерекемен тұспа-тұс келді, сол кезде кітап сатушылар үлкен кітап көрмесін ұйымдастырды. 1931 жылдан бастап кітап сатып алғандарға раушан гүлін беретін әдет пайда болды.
Оның үстіне 1616 жылы сәуірдің жиырма үшінші жұлдызында М.Сервантес, У.Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега сынды тұлғалар қайтыс болған. Морис Дрюон, Хальдоур Лакснесс, Дж.Пла және Мануэль Мехиа Вальехо атты авторлардың туған немесе дүние салған күндері саналады.
Ә.Науаи айтқандай: "Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына". Біз кітап арқылы білімге ғана жол ашпаймыз, жаңа идеяларға кілт табамыз, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткіземіз, сұлулықты түсінеміз.
2014 жылы "әлемдік кітап астанасы" ретінде Порт-Харкорт (Нигерия) қаласы белгіленді.
Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде әртүрлі кітап көрмелері мен жәрмеңкелері, акциялар, конкурстар өтеді.
Т. Раушанұлы