Елімізде фильмдерді көпшіліктің алдында көрсетуге арналған кинотеатрдың әр түрі бар. Әдетте, көрермендер залы үлкен экранмен, жүйелі дауыспен жабдықталады. Әр залда ауаны тазалау құрылғылары, кондиционер, Dolby Surround, Dolby Digital, THX деп аталатын дауыс каналдары, күту залы, тамақ ішетін орын, гардероб болады.
Жоғарыдағы стандарттарға сай келетін, заманауи үлгіде жабдықталған кинотеатрдың бірден-бір үлгісі ретінде еліміздегі ең үлкен "Апорт" моллындағы "Star Cinema" кинотеатрын атап өтуге болады. Оған нақты дәлелдерді суреттердің көмегімен ұсынбақпыз.
Өзіміз білетіндей кез келген кино залы үшін акустиканың маңызы зор. Мұнымен қатар, бір залдың дыбысының екінші залға естілмеуі де ескерілген.
Жоғарыдағы күту залы адамның көңіл-күйін бірден көтеретіндей жарқын түстермен жабдықталған, әрі әлемдік деңгейде көрсетіліп жатқан фильмдердің афишалары қойылған.
Бұдан өзге жүрек жалғап алу үшін жеңіл тағамдар мен сусындар сатылады.
Поп корн мен балмұздақтың да бірнеше түрі бар.
Кинотеатр кассасында өзіміз көз жеткізгендей, фильмдерге балалардың өз жасына сай кіруі қатаң түрде қадағаланады екен.
Кинотеатр төменгі қабатта салынғандықтан, оған бару үшін эскалаторды пайдалану қажет.
Эскалатордан түсе салысымен "Оскар" жүлдесінің ескерткішін байқауға болады.
Кинотеатр ішінде қажет болмайтын заттарды сақтауға арналған кілттенетін шкаф бар.
Төмендегі әрбір күту залы кино актерлерінің суреттерімен, фильм кадрларымен безендірілген.
Аталған кинотеатр экранынан комедия, боевик, мелодрама, экшн, мультфильм, мюзикл секілді кез келген жанрдағы фильмдерді көруге болады.
3D форматында да фильмдер көруге болады.
Кей залда жұмсақ, жайлы орындар да қарастырылған.
Арнайы Massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: ©Өмірбек Сансызбаев