Йоко Оно әлемдегі барлық жанның күлкісін жинап жатыр

Йоко Оно әлемдегі барлық жанның күлкісін жинап жатыр

Джон Леннонның жесірі Йоко Оно планета адамдарының күлкісінен құралған фильм түсіруге бел байлап отыр. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Йокоға бұл идея алғаш 1967 жылы келген екен. Журналистерге берген сұхбатында ол: "Менің басты мақсатым әлемдегі барлық адамдардың күлкісінің негізінде қызғылықты картина жасап шығару. Бұл фильмге әлемнің барлық түкпіріндегі кез келген адам қатыса алады", - деді.

"Бұл ойдың жүзеге асуына ат салысқысы келгендер өз фотосуретін былайша жібере алады:

  1. Ниет танытқан адам алдымен Instagram-ға (@smilesfilm) немесе Twitter-ге өз фотосуретін жүктеуі керек.
  2. Суретке #smilesfilm хэштегін қосу керек.
  3. Картадан өзінің орналасқан жерін көрсетуі керек.
  4. Бар болғаны осы! Тек күлуді ұмытып кетпеңіз", - деп көрсетіліпті сайт бетінде.

 

Фильмнің презентациясы Лондонда Серпентайн Галлереясында (Serpentine Gallery) өтетін болады. Бұл жоба Ононың "Жарыққа шық" көрмесінің бір бөлігі ғана. Көрме үстіміздегі 2012 жылдың 21 маусымы мен 9 қыркүйегі аралығында халықтың ықтиярына ұсынылады. Бұдан соң лента ғаламтор беттеріне тарайды деп күтілуде.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Фото ©REUTERS