Қансорғыштар туралы түсірілген "Ымырт" сагасының бесінші бөлімі ресейлік кинопрокатта көшбасшылыққа шықты. Kinobusiness.com сайтының хабарлауынша, аталған фильм алғашқы уикендте-ақ (15-18 қараша күндері) 22 миллион доллар жинаған.
Ақпарат бойынша, Ресей тарихындағы прокатта бұндай мерзімде дәл осындай ақша жиналып көрмеген. Айта кетелік, бұған дейінгі рекорд Джэймс Кэмеронның "Аватарына" тиесілі еді. 2009 жылы фильм премьералық уикендте 21 миллион доллар жинаған болатын.
Соңғы демалыстағы мәліметтер бойынша, екінші орынға "Бұлтты атлас" драмасы тұрақтаған. Дэвид Митчелл романының желісімен түсірілген картина 12,9 миллион доллар жинапты.
Анимациялық "Ральф" фильмі үшінші орыннан көрінді. Компьютерлік ойынның персонажы 1,3 миллион доллар қаржы тапты. Бұған дейін бұл картинаның АҚШ-тағы прокатта 33 миллион доллар әкелгендігі туралы айтқан болатынбыз.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kinorota.ru