«Ымырт» - америкалық жазушы Стефани Майердің бірнеше бөлімнен тұратын романы. Әрбір роман бөлімі вампирге ғашық болып қалған Белла Свон есімді қыздың айналасындағы оқиғаларды суреттейді. Кітап басылып шыққаннан кейін бестселлерге айналып, әлемнің 37 тіліне аударылады. 2010 жылдың есебіне орай, барлығы 116 миллион дана кітап сатылған.
Көп өтпей кітап желісі бойынша фильм түсіру идеясы туындайды. Стефани Майер өзі продюсер болып, картиналардың роман желісінен ауып кетпеуін қадағалайды. Нәтижесінде Белла мен Эдвардтың әлемде миллиондаған фанаттары пайда болды. Ендеше назарларыңызға аталған фильмге қатысты қызықты деректерді ұсынамыз.
Қызыл тәнділер көсемі
«Ымырт» романы бойынша түсірілген барлық фильмде құбылғыш бейне (оборотень) рөлдерін Американың жергілікті тұрғындары, яғни қызыл тәнділер ұрпағы ойнаған. Фильм режиссері Стевани Майердің талабын орындау үшін осылай жасаған. Сол үшін де құбылғыш бейнеге актерлерді таңдау өте қатаң тәртіппен өтіп, мұқият сараланған. Фильм продюсері үміткерлерден америкалық үндістердің ұрпағы екенін дәлелдейтін құжат талап еткен. Құбылғыш бейне рөлін сомдаушы басты кейіпкер Джейкобтың тегі Оттава мен Потаватоми тайпаларынан тараған.
Сұр түсті бейне
Вампирлер туралы фильмдер адамдарды қатерлі ісіктен сақтайды. Бұл қалай дейсіз бе? Стефани Майердің «Ымырт» атты романының желісі бойынша түсірілген фильмдер прокатқа шыққаннан кейін вампирлердің сұр түсті образы қоғамда сәнге айналды. Нәтижесінде соляриге баратын адамдар саны күрт төмендеген. Мысалы, АҚШ-та бұл көрсеткіш 40%-ға азайған.
Вампир таттуы
«Ымырт» фильмінің 50 жастағы фанаты фильм кейіпкерлерінің бейнесін өз арқасына таттумен салған. Супермаркеттің қарапайым қызметкері Кэти Уорд таттуды жасау үшін 48 сағат уақыты мен 6 000 АҚШ долларын жұмсайды. Кэтидың арқасында Эдвард, Белла және Джейкобтың суретін көреміз. Қазір ол кейбір жаңа эпизодтарды денесіне салдыруды жоспарлап жүр.
Өтірік түсірілім
«Ымырт. Жаңа Ай» фильмінің Италияда түсірілуі тиіс бір эпизодына 1,5 мың адам керек болған. Бұл жаңалық вампирлер туралы фильмнің жанкүйерлері үшін таптырмас мүмкіндік еді. Олар бірден түсірілімге қалай қатысу керек екенін іздестіре бастайды. Ал бұдан қомақты олжа алуға болатынын білген алаяқтар интернетте «Ымырт» қоғамын құрады. Олар сайт арқылы белгілі бір байланыс номеріне қатысқысы келетін жанкүйерлердің хабарлама жіберуі тиіс екенін мәлімдейді. Ал қызмет ақылы болған. Осылай Белла мен Эдвардтың жанкүйерлері киноға түсу былай тұрсын, Италияға да жете алмаған.
Жалғасы ...