"Властелин колец": кім, қалай, қанша?

"Властелин колец": кім, қалай, қанша?

Кинокөрермендер «Властелин колец» (Сақиналар әміршісі) фильмінің жарыққа шығуын ұзақ уақыт бойы күтті. Себебі, осыған дейін ешбір адам дәл осылай роман атмосфересын шынайы беріп, үлкен айқастарды бір экранда қамти алмаған болатын.
Иә, жазушы Джон Рональд Руэльдің арқасында сөзбен айтып жеткізілмейтін фантастиканы көре алдық.

«Властелин колец» туралы көп және әртүрлі нәрсе айтуға болады, себебі, туынды түрлі сезімдер мен ойларды тудырады емес пе? Бірінші кітап оқып, кейіннен фильмін көрген адамдар біршама өзгерістерді байқайды. Алайда, Питер Джексон сюжеттерді барынша қалпында сақтап қалуға тырысқанын айтады. Кітапта жоқ кейіпкерлердің фильмнен көрініп қалып жатуы да түсінікті.

Көп сөзді қайтеміз, одан да «кім, қалай, қанша» деген сынды сұрақтардың жауабын табу үшін «Властелин колец» туралы қызықты деректерді топтастырып көрейік.


Топтаманы фильм режиссерінен бастайық. Бұл аса маңызды миссияны Питер Джексон орындады. Жаңа Зеландия режиссерінің (фильм де осы жерде түсірілді) WETA студиясы «Властелин колец» киносын жасауда үлкен еңбек сіңірді. Режиссердің өзі фильмнің кейбір эпизодтарынан көрінеді: бірінші бөлімде тавернадағы сәбіз шайнап отырған адам, екіншіде қорғаушы, үшіншіде Леголас атқан Қарақшы болып ойнаған. Питер Джексонның балаларына да үш бөлімнен шағын рөлдер бұйырып отырды.

Үш бөлімді фильм үшін Жаңа Зеландия мемлекетінен 200 млн. доллар қаржы жұмсалған. Үкімет «Властелин колец» фильмі бойынша арнайы министрлік тағайындап қойған, олар түсірілім жұмысына байланысты барлық экономикалық сұрақтарды шешті.

Гоблиндер, адамдар, орктар қатысатын алып әскерді жасау және шайқасты адамдарға көрсету үшін MASSIVE компьютерлік бағдарламасы қолданылған.

Фильм үшін мың жарым жұп латексті құлақтар мен аяқтар дайындалған. Материал төзімсіз болғандықтан құлақты тек бір рет қана пайдалануға болады екен және орктар мен хоббиттер күніне 10 сағат бойы гримде жүрген. Әрбір күннің соңында олардың сатылымға шығып кетуінің алдын алу үшін өртеп жіберетін болған. Соған қарамастан Доминик Монаган олардың бірнешеуін естелікке сақтап қалыпты.


«Властелин колец» «Крестный отец» ("Өкіл әке") фильмін басып озды. Бір жыл бойы ең үздіктер қатарынан түспей келген «Крестный отец» осы фильм жарыққа шыққаннан кейін көшбасшылықтан түсіп қалды.

«Властелин колец: Братство Кольца» бөлімі шыққан алғашқы күні 18.2 млн.$ қаржы жиналған. Және бірден сол аптада ең көп қаржы жинаған фильмдердің үштігіне («Звездные войны», «Парк Юрского периода») енеді. Он үш бірдей елде көрсетілген алғашқы бөлімі 11,5 млн. доллар қаржы жинайды. Ал Толкинның отаны Оңтүстік Африкада бұл фильмнің көрілуі жөнінен рекордтық көрсеткіш орнатылады.

Гэндельф трилогияны жалғастырып, әрмен қарай түсірудің қажетсіз екендігін айтқанымен, Толкин «Хоббит» деген атпен жалғасын жазып шығады.

Үш фильмге де саундтректі Эксл Роуз, Аланис Морисетт және әнші Enya жазып шыққан.

Гимли (гном) рөлін сомдаған актер Джон Рис-Дэвис Толкинның трилогиясын оқып біте алмағандығын мойындаған. Ол өзін кітапты алған сайын ұйқы қысатындығын айтып ақтап алады.

Көптеген ата-ана балаларына трилогияны оқуға рұқсат бермейді. Олар фильм мен кітапты тым қатыгез сюжеттерге толы деп санайды. Мәселен, баланың баскесерлердің ортасында жалғыз қалатын тұсын әркім көтере бермейді. Элайджа Вуд кітаптың басты мағынасы өмірдің қатал тарих екенін көрсету деп айтқан.

Эльфтардың қалай тілдесетіні сізді қызықтыра ма? Толкин фильм үшін ерекше тілді ойлап тауып, әліпбиін жасайды. Бұл – эльф тілі деп аталып кетті. Қазір осы тілде еркін сөйлейтін мамандар бар.

Толкин бұл кітабын бастапқыда ұлына түнде оқитын ертегі ретінде жазған. Уақыт өте келе «Братство кольца», «Две крепости» және «Возвращение Короля» атты үш жаңа кітап жазылады. Әлемде кітаптың 50 миллионнан астам данасы сатылған. Ал трилогия 25-тен астам тілге аударылған.

«Властелин колец» фильмі туралы қысқаша баяндайтын видеоролик жүктелу жөнінен рекордық көрсеткіш танытты. Ролик ғаламтор бетінде пайда болысымен, 1,671,000 рет жүктелген.

Сақиналар бауырластығының мүшелері 9 санына ұқсайтын эльфтік татуировка жасатқан. Олардың арасынан тек Джон Рис-Дэвис қана татуировкадан бас тартады.

Ең алғашқы күні салт аттыдан қашқан хобиттердің жол астына тығылатын сюжеті түсірілген.

Хоббиттер қалашығын жасау үшін бір жыл уақыт кеткен. Жасылдандырушылар бұл жерде мал бағу арқылы шөп ұзындығын жүйеге келтірген. 28 хоббиттік шұңқыр мен 47 түтін құбыры жасалған.

Фильмнің түсірілім жұмыстары бір уақытта бірнеше жерде жүріп отырған. Түсірілім тобының саны 3000 адамға жеткен. Көркемдік бөлімінің өзінде 300 адам болған екен. Түсірілім тобына әрбір таңғы асқа 1 460 жұмыртқа жеткізіліп отырған. Бильбоның туған күніне арналған кешке 144 хоббит қатысу керек болса, қаржыны үнемдеу үшін 100-ге қысқартқан.

Шайқасты түсірілім кезінде Вигго Мортенсен алдыңғы тісін сындырып алады. Ол сынған тісті әмбебап желіммен жабыстырып, түсірілімді жалғастырғысы келетінін айтады. Алайда режиссер мейірбандық танытып, тіс дәрігеріне баруға рұқсат береді де, түсірілімді кейінге қалдырады.

Бір күні Лив Тайлер өзінің эльфтік құлағын көлік аспап-құралдар тұратын тақтасына қалдырып кетеді. Қайтып келгенде оның ештеңесі қалмай еріп кеткенін көрген.

Трилогия түсіріліміндегі парик үшін өте көп шаш керек болған. Түсірілім тобы шаш сатумен айналысатын ресейлік әйелдерден көмек сұрайды.

Фильмнің музыкасын жазған Говард Шор екі жыл бойы дайындалған.

Соңғы шайқаста Леголас ататын оқтар компьютерде салынған. Қарапайым адам ешқашан мұндай жылдамдықпен әрі дәлдікпен оқ ата алмайды.


Актерлар түсірілімнен бос уақыттарында серфингпен айналысқан. Вигго Мортенсен осындай ойын кезінде бетін жарақаттап алады. Гримнің өзі көгерген тұстарды жасыра алмайды. Сондықтан Питер Джексон  актерді тек бір қырынан түсіруге шешім қабылдайды.

Вигго Мортенсен фильмдегі барлық трюктерін өзі жасаған. Орландо Блум да көпшілігін өзі орындайды. Ол осындай бір айла жасау кезінде қабырғасын сындырып алады. Айтпақшы, Орландо актерлік мектепті бітірген екінші күні Леголастың рөліне бекітілген.

Гимлиді сомдаған Джон Рис-Дэвис актерлер ішіндегі ең ұзыны екен. Оның бойы 185 сантиметрге жетеді.

Гэндальфтің Бильбо үйінде көретін картасы Толкинның «Хоббит» үшін салған картасының көшірмесі екен.

Қорытынды: 

"Властелин колец: Братство кольца" (І бөлім) 2011 жылы жарық көрген. Фильм "Оскардың" 4 сыйлығына және басқа да 668 марапат пен 81 номинацияға ие болған. Түсірілім жұмыстары 15 айды қамтыса, дайындық үшін жарты жыл кеткен. Премьерасы 2001 жылдың 19 желтоқсанында өтті.

"Властелин колец: Братство кольца". Онлайн көру:

"Властелин колец: Две крепости" (ІІ бөлім) – "Оскардың" 2 сыйлығы мен 4 номинациясына ие болған. Премьерасы 2002 жылдың 18 желтоқсанында өтті. 

"Властелин колец: Две крепости" (ІІ бөлім). Онлайн көру:

"Властелин колец: Возвращение короля" (ІІІ бөлім) – "Оскардың" 11 марапатына ие болды. Онан басқа 98 сыйлығы пен 62 номинациясы бар. Премьерасы 2003 жылдың 17 желтоқсанында өтті.  

"Властелин колец: Возвращение короля" (ІІІ бөлім). Онлайн көру:

Фильм барлығын қосқанда "Оскардың" 17 сыйлығын қанжығасына байлаған. Фильмнен түскен жалпы қаржы көлемі –  2,92 миллиард доллар. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com