Голливудтың танымал актері Вин Дизель "Форсаж 8" (Furious 8) фильмінің қашан шығатынын айтты, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Актердің айтуынша, "Форсаж 8" прокатқа 2017 жылдың 14 сәуірінде шығады. "Біз сіздер көрмеген үздік фильм жасағымыз келіп жатыр", - деді Вин Дизель релиз уақытын жария ете отырып.
Қазіргі уақытта "Форсаж 7" фильмі прокатта сәтті жүріп жатыр. Фильм үш апта ішінде әлем бойынша 1,1 миллиард доллар пайда әкелді. Ал Қазақстанда бірінші төрт күнде 397 миллион теңгеден астам (2,13 миллион доллар) табысқа кенелді. Фильмді түсіруге 190 миллион доллар ақша жұмсалды. Фильмнің бұған дейінгі бөлімдері 207 (2001), 236 (2003), 158 (2006), 363 (2009), 626 (2011) және 788 (2013) миллион доллар тапқан болатын.
сурет: tn.kz