Бүгін режиссер Эльдар Шибанов пен продюсер Юлия Левицкаяның «Тау жуасы» аталатын толықметражды фильмі атақты Венеция кинфетивалінде көрсетілді.
Киножоба тас жолда тау жуасын сататын 11 жасар Джабайдың есеюін баяндайды. Ол шешесі мен жүк тасымалдаушысының үстінен түседі. Ызадан әкесін мықты ететін ВиаГра алу үшін Қытайға аттанады.
режиссер Эльдар Шибанов
Biennale College Cinema байқауы Италияның Мәдениет министрлігінің қолдауымен La Biennale di Venezia (Венеция биенналы) шеңберінде ұйымдастырылады. Бұл шағын бюджеттік көркем фильмдер жасау үшін шеберлермен жұмыс істеу мүмкіндігін ұсына отырып, жаңа кино таланттарын насихаттайтын зертхана.
2012 жылы алғашқы Biennale College Cinema кино зертханасы іске қосылғаннан бері бүкіл әлемнен 2000 ұсыныс түскен және кейінгі 10 жыл ішінде 30 жас режиссер жұмысы қаржыландырылды. Венеция кинофестивалінде премьерасы болған көркем фильмдердің көпшілігі ірі халықаралық фестивальдерде көрсетіліп, жүлделі орындарға ие болды.
La Biennale di Venezia (Венеция биенналы) негізі 1895 жылы қаланған және бүгінде ең беделді мәдени шаралардың бірі ретінде танылған.
Айта кетейік, Эльдар Шибановтың «Секс, қорқыныш және гамбургерлер» қысқаметражды фильмі 2018 жылы 75-ші Венеция кинофестивалінің ресми бағдарламасына енген болатын.
79-шы халықаралық Венеция кинофестивалі 2022 жылдың 31 тамызында басталып, 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Режиссер әрі сценарист Пол Шредер мен актриса Кэтрин Денев киноға қосқан үлесі үшін «Алтын арыстан» алатыны белгілі.