Венеция кинофестивалі жүлдегері Альфонсо Куаронның жаңа фильмі

Венеция кинофестивалі жүлдегері Альфонсо Куаронның жаңа фильмі
Фото: vk.com

Netflix платформасы Альфонсо Куаронның "Рим" аталатын драмасының тизерін жариялады.

Бұл режиссер "Гравитация" фильмі үшін "Оскар" иеленсе, "Сенің анаңды да" картинасы үшін Венеция кинофестивалі жүлдегері болған. "Рим" — Мексикада орташа әлеуметтік топ тұратын аудан атауы. Фильм 1970 жылдардан сыр шертеді.

"Оқиғаның 90% өзімнің жеке естелігім бойынша жазылған. Фильмде Мексиканың қалыптасу кезеңі баяндалады",- дейді Куарон. "Римнің" премьерасы биылғы Венеция кинофестивалінде өтеді. Үлкен экрандарға жылдың соңында шығады деп жоспарланып отыр.

А. Оралқызы