- Негізгі бет
- Кино
- Венеция кинофестивалі: Әділқазылар...
Венеция кинофестивалі: Әділқазылар алқасын кім бастайтыны белгілі болды
Биылғы Венеция кинофестивалінің әділқазылар алқасы төрайымы – атақты актриса Кейт Бланшетт. Осымен 77-ші рет өткізілгелі отырған шара қыркүйек айының 2-сі мен 12-ші жұлдызына жоспарланған.
"Мен жыл сайын Венеция кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қандай фильмдер іріктелетінін асыға күтемін. Шорт-листті шолып өткенде үнемі қобалжып отырамын. Венеция — әлемдегі ең айрықша атмосфералы кинофестиваль. Ол қашан да провокациялық әрі шабыттындырушы киноның қай формасын да құптап, қолдап келеді. Биылғы әділқазылар алқасын бастау мәртебесіне қол жеткізгенім үшін аса қуаныштымын", - деді Бланшетт осы жаңалыққа қатысты.
Десе де аустралиялық актриса әрі продюсер мұндай құрметке алғаш рет ие болып тұрған жоқ. Естеріңізде болса, Кейт Бланшетт 2018 жылы Канн фестивалінің әділқазылар алқасын бастаған еді. Сол жылы "Алтын пальма бұтағына" жапон режиссері Хирокадзу Корээденің "Дүкен ұрылары" лайық деп танылған.
Ал биылғы Канн кинофестивалінің негізгі кинокартинасын режиссер Спайк Ли бастаған топ анықтайды.
А. Оралқызы